қазақша · русский · english
   
Әлеуметтік -тәрбие қызметі

      Жоғарғы оқу орнындағы тәрбие жұмысы - болашақ маманды оқытумен қатар әлеуметтік мәнді құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған, жан -жақты, гармониялық, рухани, интеллектуалды дамуына жайлы жағдай жасалған мақсатты бағытталған жүйелі қызметі.
        Институттағы тәрбие жұмысының негізгі бағыты бүгінгі күн талабына сай ғылыми көзқарас, рухани - адамдық, отаншылдық құқықтық, эстетикалық, кәсіптік- шығармашылық, еңбек, дене, салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру.
Тәрбие жұмысының негізгі бөлігі оқыту кезінде: дәріс, практикалық сабақтарды өткізу кезінде іске асады. Кафедра оқытушылары тәрбие жұмысымен сабақ кезінде де айналысады. Олардың жұмысы студенттерді адамдық құндылықтарға адалдыққа, отаншылдыққа, еңбек тәртібіне, үлкенді сыйлай білу т. с. с. тәрбиеге бағытталған.