- қоғамның Қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштеріне аудит және бағалау жүргізеді;
- нәтижеге бағдарланған қоғам бюджетін пайдаланудың тиімділігіне бағалау жүргізеді;
- қоғамдағы ішкі бақылау жүйесінің тәуекелдерін басқару аудитін жүргізеді;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының, халықаралық келісімдердің, қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға, сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесінің нұсқаулары мен шешімдерін орындауға бағалау жүргізеді және осы талаптарды сақтау мақсатында құрылған жүйелерді бағалайды;
- қоғамның стратегиялық мақсаттары шеңберінде олардың алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін Қоғамның құрылымдық бөлімшелері қолданатын шаралардың барабарлығына бағалау жүргізеді;
- қоғамда этикалық стандарттар мен құндылықтарға сәйкес келетін корпоративтік басқарудың қабылданған қағидаттарын енгізу және сақтау бойынша бағалау жүргізеді;
- қоғамның тиісті органдары мен құрылымдық бөлімшелерінің тәуекелдерге және ішкі бақылауға байланысты мәселелер бойынша ақпарат алу тиімділігіне бағалау жүргізеді;
- қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде жүргізген бақылау іс-шараларының (тексерулерінің) нәтижелері бойынша ұсыныстар дайындау;
- қоғамның сыртқы аудитордың ұсынымдарын орындауына мониторингті жүзеге асырады;
- белгіленген тәртіпте берілген қызмет ұсынымдарының орындалуына кейінгі бақылауды жүзеге асырады;
- Директорлар кеңесіне, Басқармаға, Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне ішкі бақылау және ішкі аудит жүйелерін ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес береді;
- өз құзыреті шегінде Қызметке жүктелген және оның тәуелсіздігі принципіне ықпал етпейтін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
|