қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
20.02.2023

Бос лауазымға үміткерлерді іріктеуге тапсырыс

 

Бос жұмыс орны жабық


Бос лауазымның атауы:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

1) қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының ішкі саясатын әзірлейді;

2) ұйым қызметінің ерекшелігін ескере отырып, Қоғам қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізеді;

4) корпоративтік этикалық құндылықтарды насихаттайды;

5) Қоғам қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сондай-ақ корпоративтік әдеп Кодексін сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қоғам қызметкерлерін оқытуды ұйымдастырады;

7) құрылымдық бөлімшелердің ұйымның және қызметкерлердің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ішкі бағдарламасын орындауына мониторингті әзірлейді және жүргізеді;

8) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес азаматтық және бизнес-қоғамдастық институттарының өкілдерін тарта отырып, Қоғам қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша жұмысты үйлестіреді;

9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган мен қоғамның бірінші басшыларының бірлескен шешімі бойынша жүргізілетін Қоғам қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауға қатысады;

10) қоғамдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқаруды жүзеге асырады;

11) мүдделер қақтығысын, оның ішінде жұмысқа орналастыру мәселелерін анықтау, мониторинг жүргізу және реттеу бойынша шаралар қабылдайды;

12) сыйлықтар мен Қоғамдағы өкілдік шығындар мәселелерін реттеу бойынша шаралар қабылдайды;

13) қаржылық мәмілелер кезінде контрагенттерді тексеруді жүзеге асырады;

14) қоғамдағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізеді және/немесе оларға қатысады;

15) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар санатына жататын Қоғам қызметкерлерінің заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауы тұрғысынан мониторинг жүргізеді;

16) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа байланысты істер бойынша сот практикасындағы өзгерістерге мониторинг және талдау жүргізеді;

17) Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру тиімділігіне бағалау жүргізеді;

18) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен жұмыскерлерінің тиісті ақпаратын тыңдайды;

19) Қоғам басшысына анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, университет қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар енгізеді.

Негізгі лауазымдық міндеттері:

- комплаенс қызметінің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру, тиісті оқу жылына комплаенс қызметінің жұмыс жоспарын жасауды қамтамасыз ету және оның орындалуын бақылау;

- комплаенс қызметінің жұмысын регламенттейтін құжаттарды, оның ішінде ішкі талдау бойынша әдістемелік ұсынымдарды және комплаенс қызметінің қызметіне қатысты басқа да құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз ету;

- Қоғамның Директорлар кеңесіне комплаенс қызметінің жұмысы туралы есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету;

- қызметтің мақсаттарына қол жеткізу үшін оның міндеттері мен функцияларының өзектілігін мерзімді бағалау (жылына кемінде бір рет);

- комплаенс қызметінің сандық құрамын, штат кестесін, өкілеттік мерзімін айқындау, қызмет қызметкерлерін тағайындау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, комплаенс қызметінің жұмыс тәртібі, қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру мөлшері мен шарттары, комплаенс қызметінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану, комплаенс қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу;

- комплаенс қызметі қызметкерлерінің кәсіби дайындық деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылдау;

- комплаенс қызметінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның Директорлар кеңесінің отырысын шақыруға бастамашылық жасау;

- комплаенс қызметінің құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау.

Іссапарларға шығу:

Жоқ

Білімі:

жоғары білім

Талап етілетін кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары)

құқық қорғау және мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады

Кәсіби құзыреттер:

Комплаенс қызметінің комплаенс офицері Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын, білім беру қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, ұжымдық шарттарды жасасу және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу тәртібі; еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, сапа саласындағы қоғамның саясаты мен мақсаттары; Еңбек және азаматтық заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың менеджмент жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты, мүдделер қақтығысын шешу саясаты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басқа да ішкі нормативтік құжаттарды білуі керек.

Жеке құзыреттер мен қасиеттер:

-

Тілдерді білуі, мемлекеттік тілді қоса алғанда (меңгеруі тиіс тілдердің тізімі)

қазақ және ағылшын тілдерін білу

Компьютерлік дағдылар:

Microsoft Word, Excel, Power point, Outlook

Түйіндемені тапсыру мерзімі:

15.03.2023

Байланысушы тұлға:

a.zhumadilov@abaiuniversity.edu.kz.

Жумадилов Адиль

8-727- 293-81-19  +77479880925