қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
20.02.2023

Комплаенс қызметінің басшысы бос лауазымына конкурс

 

Бос жұмыс орны жабық


«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы бос лауазымына конкурс жариялайды.

 

Кандидаттардың құжаттарын қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады (2023 жылғы 20 ақпаннан 1 наурызға дейін).

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Комплаенс қызметінің басшысы лауазымына жоғары білімі бар, құқық қорғау және мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарда кемінде 7 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.

 

Комплаенс қызметінің басшысы білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Лицензиялау туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдары, білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, білім беру қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, педагогика мен психология негіздері, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізгі ережелері, ұжымдық шарттар жасасу және әлеуметтік-еңбек; еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, сапа саласындағы қоғамның саясаты мен мақсаттары, Сапа менеджменті жүйесінің құжаттары; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты, мүдделер қақтығысын шешу саясаты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басқа да ішкі нормативтік құжаттарды білуі керек.

 

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға Корпоративтік хатшыға төмендегі құжаттарды ұсынады:

1) өтініш;
2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) резюме;
4) білімі туралы құжаттар мен қосымшалардың көшірмелері;
5) жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
7) комплаенс қызметінің одан арғы қызметі бойынша өзінің көзқарасын ұсыну.

 

Байқаудың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Корпоративтік хатшыға мына мекен-жай бойынша тапсыру қажет: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, каб. 304, телефон: +7-747-988-0925; email: a.zhumadilov@abaiuniversity.edu.kz