қазақша · русский · english
   
Кафедра тынысы

Кәсіби бағыттағы тілдер кафедрасы туралы жалпы мағлұмат 

Көптілді білім беру институтының кәсіби бағытталған тілдер кафедрасы 2015ж. тамыз айында құрылды.
АККРЕДИТАЦИЯ
Лицензия: 050119 (5B0119)- Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша мамандар дайындау: сериясы АА № 0000205, 26.04.2004 ж 2010ж., берілген № 361 ҚР Білім және ғылым Мин. мемлекеттік лицензиясы бойынша жүзеге асырылады.

КАФЕДРА ҚҰРАМЫ

Кафедрада 19 профессор-оқытушылар жұмыс істейді.
Оның ішінде:
2 - профессор
8 - доцент
1- PHD
7 - аға оқытушы
1- магистр, оқытушы

Ф.ғ.к., доцент Минаева Н.М. 2 курс студентерімен дөңгелек үстел өткізуі

Кафедрада мынадай ғылыми үйірмелер жұмыс жасайды:
- «Country studies of the English speaking countries»
- «Inter cultural communication»

КОНТИНГЕНТ
130 астам студент, 4 шетелдік студент контингентті құрайды.


Студенттік қатарға қабылдау күні

КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ
Көптілді білім беру институтында көптілді білім беру орталығы Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының үкімімен қызмет атқарады (Бұйрық №688 ж/к 15.01.2012.). Аталған орталықта физика, математика, ақпараттандыру, химия, биология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, педагогика және психология, жағрафия мамандықтары бойынша көптілді білім беру топтарында оқитын студенттер ағылшын тілін терең меңгереді.

Көптілді білім беру бойынша профессор-оқытушылардың ашық сабақ өтуі