қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Хамзина Жанна Амангельдиевна

Хамзина Жанна Амангельдиевна

 

Аты-жөні

Хамзина Жанна Амангельдиевна

Білімі және ғылыми дәрежесі

1993-1999 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті, «Құқықтану» мамандығында бакалавр және магистратура бойынша білім алған.

2002 жылдың ақпан айында 12.00.05 (еңбек құқығы; әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы) мамандығы бойынша "Қазақстан Республикасындағы қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-қамтамасыз ету құқықтық қатынастары" тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

2003 жылы ҚР БҒМ ЖАК "Құқықтану" мамандығы бойынша доцент атағы берілді.

2009 жылы 12.00.02 (конституциялық құқық; муниципалдық құқық; Әкімшілік құқық; Қаржы құқығы) мамандығы бойынша "Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саланы мемлекеттік басқарудың конституциялық-құқықтық негіздері" тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

2012 жылы ҚР БҒМ БҒСБК-мен қауымдастық профессор ғылыми атағы берілді.

Еңбек өтілі

Жалпы ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 21 жылды құрайды.

Лауазымы

Қазақстан Республикасының әлеуметтік және еңбек заңнамасының ғылыми-құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамаларының қорытындыларын дайындау бойынша 2010-2012 жылдарға арналған жоба шеңберінде адамның әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ететін әлеуметтік заңнаманың ғылыми-құқықтық сараптамаларын жүргізу бойынша сарапшы, тапсырыс беруші - Қазақстан Республикасының Заңнама институты болды. Хамзина Ж. А. әзірлеген жарияланымдарда және сараптамалық қорытындыларда Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар баяндалған. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат Тұжырымдамасының әлеуметтік заңнамасын дамыту бөлімінің негізіне алынды.

Хамзина Жанна Амангелдіқызы ҚР БҒМ ҒК 3 ғылыми гранттық жобалардың және Республикалық нотариаттық палатаның екі ғылыми жобаларының жетекшісі болып табылады.

Ғылыми еңбектері

200-ден астам ғылыми еңбектер, оның ішінде 7 монография, 6 оқулық, 3 оқу құралы, 33 мақала ғылымометрикалық базаларда индекстелетін халықаралық журналдарда жарияланды: Scopus Иwebofscience. Хирш - 9 индексі бар (Scopus).

2018 жылы Elsevier-Scopus халықаралық компаниялары 1stscopusawardceremony салтанатында "Besearcherinsocialsciences" номинациясында әлеуметтік ғылымдар саласындағы үздік зерттеуші болып танылды.

Ж. А. Хамзина ҚР ӘМ берген авторлық құқық объектілеріне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 15 куәлік алды.

2017 жылдан бастап Ж. А. Хамзина ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген (08.08.2017 ж.Куәлік, ҚР БҒМ берген).

Хамзина Ж. А. Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғауды, жалдамалы еңбекті құқықтық қамтамасыз ету саласындағы жетекші ғалым болып табылады. 2004, 2014, 2018 және 2019 жылдары жарияланған "ҚР Еңбек құқығы" және 2006 және 2014 жылдары жарыққа шыққан "ҚР әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы" ЖОО үшін оқулықтар ретінде ҚР БҒМ ұсынған оқулықтардың авторы.

Іргелі зерттеулер жүргізуге қатысу

Хамзина Жанна Амангелдіқызы ҚР БҒМ ҒК 3 ғылыми гранттық жобалардың және Республикалық нотариаттық палатаның екі ғылыми жобаларының жетекшісі және жетекшісі болып табылады.

Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегері (2004-2006 жж.).

Марапаттары

2018 жылы ҚР БҒМ "ҚР ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды.

ҚР Әділет министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының алғыс хаты мен грамоталарымен марапатталған.

2019 жылы  ЖОО-ның үздік оқытушысы атанды.


← Кері оралу