Біз туралы | Главная /
Арзиев Руслан Ұйғырұлы
Арзиев Руслан Ұйғырұлы
Туған жылы: 1961. Туған жері: Алматы облысы, Ұйғыр ауданы Кетпен ауылы. 1980-1985 ж. Абай атындағы ҚазПИ студенті. 1985-1988 жж. Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шарын Тасқарасу орта мектептерінде мұғалім. 1988-1990 жж. Қазақстан Ғылым академиясы Ұйғыртану институтының кіші ғылыми қызметкері.1990-2012 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ филология факультеті оқытушысы, доценті.2012-2020 жж. «Өрлеу» БАҰО АҚ АОБПҚБАИ Деңгейлі бағдарламалар орталығының тренері, Мектепке дейінгі тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының меңгерушісі. Қазақстан журналистер Одағының мүшесі. Жүзге жуық ғылыми, ғылыми-көпшілік мақалалардаң және екі монографияның авторы, ұйғыр тілі бойынша жалпы білім беретін мектептің 7, 8, 9, 10 сыныптарына арналған оқулықтардың және мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықтардың бірлескен авторы. 1994-1995-жылдары Түркияның Сыртқы істер министрлігі құрамындағы TIKA-ның шақыруымен Анкарадағы TDK-да түркі тілдерінің ортақ грамматикасын жазу тобында, 1997-жылы Яссауи атындағы ХҚТУ жанында құрылған философия, саясаттану, әлеуметтану, құқықтану бойынша түркі тілдерінің салыстырмалы сөздігін жазу тобында жұмыс істеген. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру деңгейлі бағдарламаларының үшініш (базалық) деңгей және Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша тренер.
БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ Бакалавр: Ұйғыр тілін оқыту әдістемесі, ұйғыр әдебиетін оқыту әдістемесі, Жаңартылған мазмұндағы ұйғыр тілін оқыту әдәстемесі, Жаңартылған мазмұндағы ұйғыр әдебиетін оқыту әдәстемесі Оқытылатын тілдің теориялық негізі, әдебиеттануға кіріспе,Қазіргі ұйғыр тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы,көркем мәтінді лингвистикалық талдау, XIV ғасырға дейінгі ұйғыр әдебиеті тарихы, Қазіргі ұйғыр тілінің синтаксисы.
ҒЫЛЫМИ САЛАСЫ Түркітану, тіл тарихы, ұйғыртану, этимология, методика. жүзге жуық ғылыми, ғылыми-көпшілік мақалалардаң және екі монографияның («Құтты білік» поэмасы және оның тілінің лексика-грамматикалық ерекшеліктері»-1996 ж., «Ұйғыр тілі»-2006, толықтырылған нұсқасы 2019 ж.) авторы 1.«Құтты білік» және оның лексика-стилистикалық ерекшеліктері. - Алматы: Ғылым, 1996. - 226 б (ұйғыр тілінде) 2.Ұйғыр тілі: үйрену және үйрету.- Алматы: Мир, 2019. - 592 б (ұйғыр тілінде) 3.Қазақстандағы ұйғыр тіл білімінің қалыптасуы және дамуы.«Ұлкен Алтай әлемі» халықаралық ғылыми журнал 2 (2.2), 2016 4.«Құтты біліктегі» теңеулердің құрылымдық-мағыналық ерекшеліктері. «Құтты білік» дастанының қазіргі жаһандану үдерісімен үндестігі.- Алматы, 2016. 5.Әхмәд Йүкнәкийдің «Әтәбәтул һәқайиқ» шығармасы туралы.Әхмәд Йүкнәкий. Әтәбәтул һәқайиқ. - Алмута: Мир, 2018. - 104 б.
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ ұйғыр тілі бойынша жалпы білім беретін мектептің 7, 8, 9, 10 сыныптарына арналған оқулықтардың және мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықтардың бірлескен авторы. 1. Уйғур тили. Педколледждерге арналған оқулық. - Астана: Фолиант,2004. 2. Оқу үшін бағалаудың мәні.«Құзыретті педагог» республикалық ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-танымдық журналы. №3, 2015. 3. Йеңичә оқутуш: усуллар вә тәжрибиләр. Алмута: Мир, 2017. - 286 б. (Ш. Өмәровпен бірлікте) (ұйғыр тілінде)
МАРАПАТТАРЫ ҚР Білім министлігінің Құрмет грамотасы (1995 жыл) Тәуелсіз «Илхам» сыйлығының иегері
← Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|