қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.11.2018

 

Әлемнің Франкофондық университеттері ректорларының халықаралық форумы 

 

19 - 21 қараша аралығында Парижде (Франция) өткізілетін маңызды форумға  Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев бастаған делегация қатысты. Делегация құрамында Сорбонна-Қазақстан институтының директоры Айнұр Сабитова және Қазақстандағы Франция Елшілігінің университеттік ынтымақтастық жөніндегі атташесі  Жиль Маметц бар.

 

Форумда  қойылған Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Сорбонна-Қазақстан институтының стендінде ұсынылған материалдармен Франция Республикасының Премьер-Министрі Эдуард Филипп мырза, Францияның Білім министрі Фредерик Видаль, AUF ректоры Жан Поль де Годемар және басқа да қатысушылар ынта қоя танысты.

 

AUF президенті ҚазҰПУ ректоры Балықбаев Такир Оспанұлын Орталық Азия аймағындағы Франкофония елшісі деп атады.


Бұл форумда Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев мен Сорбонна-Қазақстан институтының директоры Айнур Сабитова Франциядағы әлемдік беделді университеттердің өкілдерімен және жоғары білім саласындағы сарапшылармен маңызды келіссөздер жүргізуде.