қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
23.11.2018

Жаңа еңбек жаңа ой салды

 


 

Такир БАЛЫҚБАЕВ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, профессор:

 

- ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев­тың «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын жаңа еңбегі оның 2017 жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы бағдарламалық мақала­сының заңды жалғасы болып табыла­тыны даусыз. Өйткені, Мемлекет басшы­сы бұл еңбегінде де Ұлы даланың тарихына, руханиятына қатысты бірне­ше жобаларды ұсынып отыр.

 

«Қа­зақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қал­пында қазіргі зама­науи ғылым тұрғысынан қара­ғанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектемелеріміз де жеткілікті», - дей келе автор «Қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомем­лекеттік бірлес­тіктердің дені қазіргі Қазақстан аума­ғында құрылып, қазақ ұлты этноге­незінің негізгі элементтерін құрап отыр­ғанын», еліміздегі зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келмегенін, керісінше, көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралғанын айтады. Сонымен бірге, Елбасы кейінгі жылдары табыл­ған тарихи жәдігерлер біздің бабала­рымыз­дың өз зама­нындағы ең озық, ең үздік техноло­гиялық жаңалық­тарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайтын жәдігер­лер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік беретініне назар аударылды. Елбасының жаңа еңбегінде атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны, жылқыны ең алғаш қолға үйреткен де, оны әскери көлік ретінде пайдаланған да, сауытты ойлап тапқан да, садақ оғының ұшына темірден жебе орнатып, екінші ұшына қауырсын бай­лаған да, металл өндіру - металлургия өндірісін ашқан және қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорыт­паларын алғаш алған да біздің бабала­рымыз екенін асқақ сезіммен айтады. Сонымен бірге, Алтын адамның алтын­мен апталған киімі мен сауыт-сайманын өрнектеген бұрынғы өткен бабалары­мыз­дың өнерге қаншалықты жақын, қаншалықты шебер болғаны, қала салып, сәулет өнерін дамытқаны нақ та шынайы баяндалады.

 

Әрине, мұның бәрін тарихи деректерден бұрыннан білеміз десек те, Мемлекет басшысы­ның еңбегінен кездестіруіміз жадымыз­дағы бұрынғы деректерді нақтылай түскені даусыз. Елбасы осы еңбегінде тарихи сананы жаңғыртуды өзек етіп алып, бұл бойынша бірнеше рухани жобаларды ұсынып отыр. Алдымен «Архив - 2025» жеті жылдық бағдар­лама­сын жасап, деректану­шылар мен мәдениет­танушылардан құрылған арнайы топтардың өз еліміздегі және шет елдердегі ірі архив­термен ұзақ мерзімді байланыстарын қалыптастыру арқылы Ұлы далаға қатысты тарихи деректерді жинастыру, оларды цифрлы форматқа көшіру назарға алы­нады. Бұл арада мектеп оқышыларын отаншыл­дыққа тәрбиелеу үшін мектептерде тарихи-өлке­тану қозғалыстарын өріс­теу қажеттілігі туындайды. Екіншіден, Ұлы даланың Әл-Фараби, Яссауи, Күл­тегін, Бейбарыс, Әз-Тәуке, Абылай, Кенесары, Абай сияқты ұлы перзент­терін және басқа да тұлғалар арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу үшін «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энци­клопедиялық саябағын ашу, қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласын­дағы және бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақындар мен ел билеген тұл­ғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу, «Ұлы дала тұлға­лары» ғылыми-көпшілік серияларын шығару, «Ұлы дала» ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу уақыт талабына айналып отыр. «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» жалпыұлттық тарихи реконструкциялар клубын құрып, соның негізінде ежелгі сақтар, ғұндар, ұлы түркі қаған­дарының дәуірі және басқа да тақы­рыптар бойынша фестивальдар өткізу, ежелгі Отырар қаласының бір­қатар нысандарын - үй­лері мен көшелерін, қоғамдық орын­дарын, су құбыр­ларын, қала қамалы­ның қабыр­ғаларын ішінара қалпына келтіретін туристік жобалар да маңызды. Дала фольклорының антоло­гиясын жасау, тарихи кино және телевизия туындыларын шығару да кезек күттірмес міндет. Мұның бәрі Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынып отырған жаңа жобалары.

 

Ұлы даланың ұлылығын ұрпақ сана­сына сіңіріп, одан әрі әлемге танытуда бұл жоба­­лардың маңызы зор. Бұл шара­ларды жүзеге асыруға атсалысу жоғары оқу орындарына да зор міндеттер жүктейтіні белгілі. Сондықтан «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жалғастыра­тын әрі толықтыратын «Ұлы даланың жеті қырына» біздің оқу орнымыздың профессор-оқыту­шылары мен студент­терінің де белсене атсалысаты­нына сенімдімін. Қысқасы, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» еңбегін оқи оты­рып, оның халқы­мыздың тарихына, мәдениеті мен руханиятына, болаша­ғына деген жанашырлығына, патриоты­ғына таң қалмауың мүмкін емес. Елінің жоғын жоқтап, тарихын түгендеп, ұрпағының қамын ойлаған Елбасына халқымыздың ризашылығы шексіз.

 

 

23.11.2018 ж.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz