қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.11.2018

Білім және ғылым саласындағы қазақ-неміс-жапон ынтымақтастығы

 

2018 жылдың 20 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов Осака қаласының педагогикалық университетінің (Жапония) өкілдерімен, проф. Сумио Курибаяши, вице-президент проф. Эйджи Мориты, проф. Тойо Акаки және Лейпциг университетінің (Германия) өкілдері проф. Барбара Дринк және профессор Махаббат Кенжеғалиевамен кездесу өткізді.

 

Делегация бір аптаға Абай атындағы ҚазҰПУ-ға келді. Делегацияның іс-сапары кезінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институтының профессор-оқытушылар құрамымен физика кафедрасына және №27 «Ақбұлақ» мектепке дейінгі ұйымға бару жоспарланды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов құрметті қонақтарды ҚазҰПУ-дың негізгі қызметтері және жетістіктерімен таныстырды. Кездесу барысында университеттердің таныстырылымы өткізілді, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы алмасу бағдарламасы бойынша бірлескен ынтымақтастық мүмкіндіктері және үш елдің педагогикалық білімін жетілдіру бойынша бірлескен ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Бүгінгі таңда Абай атындағы ҚазҰПУ және Лейпциг университеті ертеректе қол қойылған ынтымақтастық туралы келісім бойынша докторанттар мен магистранттарға арналған ғылыми тағылымдамадан, Эразмус+ бағдарламасы бойынша ғылыми жетекшілік пен кредиттік ұтқырлықты жүзеге асыруда.

 

Кездесу қорытындысы бойынша ҚазҰПУ мен Осака қаласындағы педагогикалық университетінің (Жапония) арасында ғылыми және білім беру саласындағы өзара түсіністік туралы жаңа меморандумға қол қою туралы шешім қабылданды.

 

Осака қаласындағы педагогикалық университет 1874 жылы мамыр айында мұғалімдер мектебі ретінде құрылған, 140 жылдық тарихы пен дәстүрі бар. Қазіргі уақытта студенттер мен аспиранттардың саны 4700-ге жуық, ал қалған 4800 студент қосалқы мектептерге барады. Жапон университеттерінің арасында Осака мемлекеттік педагогикалық университеті білікті оқытушыларды дайындауда жетекші оқу орындарының бірі және жетекші негізгі білім беру колледжі болып табылады.

 

Университеттік бағдарламалар жан-жақты педагогикалық жоғары оқу орнының жоғары білім стандарттарына сәйкес жасалған. Осака қаласындағы педагогикалық университетінде бастауыш, орта және арнайы білім мектептерін қоса алғанда11 қосалқы мектеп бар, олар Осака қаласындағы үш ауданда: Тенноджи, Хирано және Икеда қалаларында орналасқан.

 

Лейпциг университеті - ұзақ және күрделі тарихты құрайтын күшті ғылыми-зерттеу және білім беру мекемесі. Ол 1409 жылы ашылған және әлемдегі ең көне университеттердің бірі, Германиядағы көне университеттер бойынша екінші болып саналады.

 

Қазіргі уақытта 150-ден астам ғылыми институттар мен орталықтары бар заманауи білім беру мекемесі және 190-ға жуық оқу бағдарламалары бар.

 

Университет 128 институт пен 14 факультеттен тұрады. Университетте 30 226 студент бар. Университеттің қызметкерлері - 8 579 адам. Лейпциг университеті қаладағы ең ірі жоғары оқу орны болып табылады. Университет Утрехт желісінің Еуропа университеттерінің бірлестігіне кіреді. Лейпцигтегі зерттеу әлеуеті 20 университеттен тыс ғылыми-зерттеу институттары және 5 басқа жоғары оқу орындарымен нығайтылды.

 

   

 

   

 

   

 

Халықаралық ынтымақтастық басқармасы