Негізгі бет
Жаңалықтар
23.11.2018 Париждегі маңызды кездесу
2018 жылдың 21 қарашасында Парижде, Франция Республикасының Еуропа және Сыртқы істер министрлігінде Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев пен Еуропа және Сыртқы істер министрлігінің Еуропа континенті бойынша директоры Флоранс Манжэннің кездесуі өтті.
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев басқарған Сорбонна-Қазақстан институтының делегация құрамын: Қазақстандағы Франция Елшілігінің университеттік ынтымақтастық жөніндегі атташесі Жиль Маметц және Сорбонна-Қазақстан институтының директоры Айнұр Сабитованы Еуропа және Сыртқы істер министрлігінің құрлықтық Еуропа бойынша директоры Флоранс Манжэн қабылдады.
Кездесу барысында Сорбонна-Қазақстан институтының дамуы және келешегі туралы келіссөздер жүргізілді. Ректор Такир Балықбаев институт дамуының жаңа кезеңі туралы айтты. Флоранс Манжэн кездесудің маңыздылығын атап, Сорбонна-Қазақстан институтының дамуындағы оң динамикаға тоқталды.
Флоранс Манжэн ректор Такир Балықбаевқа жоғары білім саласындағы қазақстан-француз ынтымақтастығын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, Сорбонна-Қазақстан институты Еуропа және сыртқы істер министрлігі тарапынан толық қолдау табатындығын атап өтті.
Келіссөздер барысында бірлесіп жүзеге асырылатын келешектегі жобалар талқыланды.
|