«Химия» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «Химия» кафедрасы / Ғылыми- зерттеу қызметі Химия кафедрасы келесі мекемелер мен ұйымдармен ғылыми ынтымақтастықты жүзеге асырады: - А.Б.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты; - Д.В.Сокольский атындағы Отын, органикалық катализ және электрохимия институты; - «Полимерлік материалдар және технологиялар институты» технопаркі; - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан ашылған «Жану проблемалары» институты; - ЖШС «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорны; - Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты; - АҚ Металлургия және байыту институты; - ҒПТО ЖШС «Жалын».
Химия кафедрасының ғылыми жобалары мен зерттеулері: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранты бойынша атқарылатын іргелі зерттеулер мен жобалар: 1. Зерттеу тақырыбы «Жанғыш пайдалы қазбалардан сұйық отын алу және осы процестің қалдықтарын қайта пайдалану», жобаның ғылыми жетекшісі - PhD, қауымдастырылған профессор Е.Тілеуберді; 2. Зерттеу тақырыбы «Электрохимиялық әдістермен пестицидтерді анықтау үшін сенсорлар құру», жобаның ғылыми жетекшісі - PhD Ы.Бақыткәрім; 3. Зерттеу тақырыбы «Ауаны тазартуға арналған бактерицидтік көміртек-кремний сүзгілерін әзірлеу», жобаның ғылыми жетекшісі - PhD Д.А.Байсейтов; 4. Зерттеу «PISA зерттеулеріне сәйкес оқушылардың функционалдық жаратылыстану сауаттылығын қалыптастырудың әдістемелік негіздері», жобаның орындаушысы - қауымдастырылған профессор Ж.С.Мукатаева; 5. Зерттеу тақырыбы «Қазақстан аймақтарында табиғи суды тазарту технологияларын дамыту, жетілдіру және ауыз су сапасын жақсарту», жобаның орындаушысы - профессор Н.А.Бектенов.
Басқа ұйымдар қаржыландыратын ғылыми жобалар мен зерттеулер: 1. Зерттеу тақырыбы «Жол-құрылыс материалдарында қолдану үшін модификацияланған күкірт негізінде алу материалының композиттік технологиясын әзірлеу» Самұрық-Қазына шарт бойынша, жобаның ғылыми жетекшісі - PhD, қауымдастырылған профессор Е.Тілеуберді; 2. Зерттеу тақырыбы «Болашақ жаратылыстану пәндерінің мұғалімдерін білім беру процесін ұйымдастыру кезінде адам мен қоғамның әлеуметтік-гуманитарлық қауіпсіздігі мәселелерін іске асыруға дайындау» Максима Танка Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетімен бірлескен жоба, жобаның орындаушысы - қауымдастырылған профессор Ж.С.Мукатаева.
Химия кафедрасының 2023 жылғы жарияланымдары, монографиялары, оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары: Scopus деректер базасында жарияланған мақалалар саны - 7; КОКСОН ұсынған журналдарда жарияланған мақалалар саны - 15; Таяу шет және алыс шет елдердің ғылыми конференцияларына қатысу - 17; Монографиялар, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар - 4. Химия кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының Хирш индексі: - Д.А.Байсейтов h-индексі - 10; - А.К.Жармағамбетова h-индекс - 9; - Е.Тілеуберді h-индексі - 7; - А.Баешов, З.Жексенбаева, Т.К.Жұмаділов, К.А.Қадірбеков h-индексі - 4; - Х.Н.Жанбеков, Ж.М.Жаксибаева, Ы.Бахыткәрім, А.Б.Узакова h-индекс - 3; - Н.А.Бектенов, Г.Т.Дуюсенбаева h-индексі - 2; - М.Н.Абдикаримов, А.Е.Сагимбаева, Н.С.Чинибаева, Ж.С.Мукатаева, К.А.Садыков, Н.А.Шадин, Т.Н.Акылбекова h-индексі - 1.
Ғылыми-зерттеу жұмысының жылдық есебі 2023 жыл |