«Химия» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «Химия» кафедрасы / Халықаралық қызмет
Химия кафедрасының халықаралық ынтымақтастығы жетекші шетелдік оқу орындарымен өзара тиімді келісім шарттар жасасуға, халықаралық ынтымақтастық іс-шараларын ұйымдастырып өткізуге бағытталған. Кафедра жақын және алыс шетелдердің бірқатар жетекші университеттерімен белсенді жұмыс істейді: - Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті (Ташкент, Өзбекстан); - Ферғана мемлекеттік университеті (Ферғана, Өзбекстан); - А.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті (Санкт-Петербург, Ресей); - Томск мемлекеттік университеті (Томск, Ресей); - Максим Танка атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті (Минск, Беларусь); - Гданьск технологиялық университеті (Польша); - Неджметтин Эрбакан университеті (Кония, Түркия); - Maltepe университеті (Стамбул, Түркия).
Халықаралық ынтымақтастықты дамыту профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін көтеруге, үздік тәжірибелермен танысып, өзара тәжірибе алмасуға және студенттер мен магистранттардың академиялық ұтқырлығын дамытуға, докторанттардың шетелдік жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтуіне, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар мен форумдарды ұйымдастырып өткізуге және қатысуға ықпал етеді.
Химия кафедрасының аға оқытушысы, х.ғ.к. Жаксибаева Жанар «Болашақ» бағдарламасы аясында «500 ғалым» жобасы бойынша жетекші жоғары оқу орны University of Reading (Ұлыбритания) ғылыми тағылымдамадан өту грантының иегері атанды.
|