|
| |
Ашық есік күні
5В011200-«Химия» мамандығы бойынша ІХ Республикалық пәндік олимпиада
2017 жылдың 20-21 сәуір күндері Химия кафедрасының командасы І.Жансугуров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінде (Талдықорған) өткен 5В011200-«Химия» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасындағы ІХ Республикалық пәндік олимпиадаға қатысып келді. Олимпиадаға Қазақстанның 14 жоғары оқу орындарынан студенттер қатысты. Теориялық және эксперименталдық турлардан тұратын 2 күндік білім жарысы нәтижесінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (жетекшісі - х.ғ.к.Касымбекова Д.А.) командалық ІІІ орынды иеленді.
1 курс студенттерімен проф. Құрметті кафедра меңгерушісі Ж.Ә.Шоқыбаев ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауына талдау жасай отырып жолдаудың мағынасы мен мазмұнын студенттерге әңгімелеп берді. Студенттерге Президенттің жолдауының орындалу жолдарын түсіндірді. Тәлімгерлер әртүрлі кештер мен іс шаралар ұйымдастырып жүргізді. Олар мыналар: «Күзгі бал», «Студенттер күні», «Студенттерді қабылдау», «Наурыз мейрамы», «СПИД-ХХІ ғасыр дерті» атты тақырыпта тәрбиелік іс шара жүргізді. 3-курс химия-экология мамандығы қазақ бөлімінің тәлімгерлері. Факультет көлемінде «Экология-өмірдің соғып тұрған жүрегі», «Қош келдің, әз- Наурыз!» атты ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Осы ашық тәрбие сағаттары жоғары деңгейде өтті. Осындай тәрбие сағаттарының нәтижесінде 3-курс химия-экология мамандығы қазақ бөлімінің топ тәлімгерлері х.ғ.к., аға оқытушы Оразбаева М.А. университеттің «үздік тәрбие жетекшісі» құрмет грамотасымен марапатталды. Тәлімгерлік жұмыстар ойдағыдай орындалды. Атап айтсақ, кафедра ПОҚ-ы Қазақстан Республикасы президенті - Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылады. Әр оқытушы өз тобымен тәрбие сағаттарын өткізіп, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы ол - әрқашанда тарихи маңызы да, қоғамда алатын орны да ерекше стратегиялық құжат. Себебі, бұл жолдауда елімізді одан әрі дамыту, әрбір отбасының, әрбір азаматтың жағдайын одан әрі жақсарту, халқымыздың бірлігін, тыныштығын қорғау жолдары нақты атап көрсетілген. Ал біздің ең негізгі бағытымыз - әлеуметтік модернизация болып табылады. Сондықтан, біз осы Жолдауда айтылған тапсырмаларды бірлесіп, абыроймен атқарып, табысты даму жолын одан әрі жалғастыратын боламыз деп қорытындылады. Қазақстан Республикасы президенті - Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген ең бастысы - тәуелсіз Қазақстанның тұтастығы мен тұрақтылығын дамытуға әр студент ат салысты. Шалабаева Ж.Б. жетекшілігімен 4 курс студенттерімен «Кемеңгер немесе Елбасы туралы тебіреніс» атты дөңгелек үстел өткізілді. Ақпан айында тәлімгерлер «Діни экстремизмге» байланысты тәрбие сағаттарын өткізіп, Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған діни материалдар тізімімен таныстырып, оларды оқуға болмайтындығын түсіндірді. Наурыз айының бас жағында көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай барлық тәлімгерлер өз топтарымен алтындай ардақты, жібектей сызылған сәуледей жарқыраған сымбатты арулар, аяулы аналар, мейірбан ұстаздарға арнап «Аналар -асыл жандар» атты тақырыпта Шалабаева Ж.Б., Назарымбетова Х.А., «Аяулы, асыл-арулар» атты тақырыпта Азимбаева Г.Т., Қаражанова Д.Ә. т.б. тәрбие сағаттарын өткізді. Жетекшілігімен 2-3 курстарда "Денсаулығың мықты болуы үшін мәнді өз күшін болу қажет, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды", атты баяндама өткізді. Халықтың денсаулығы - ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі. Атамыз қазақтың «Бірінші байлық - денсаулық», яки болмаса «Денсаулық - терең байлық» деген даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Денсаулықтың қадірін, маңызын айрықша ұғынып барлық игіліктен жоғары санаған. Институт және кафедра жетекшілігімен Ұлт мерекесі 22 наурыз мерекесін атап өтті. 22 сәуір айында Университетіміздің спартагінде Университеттің Наурызы болып өтті, кафедра студенттері толығымен қатысты. Қыздар педагогикалық иниститутында 21-28 сәуір аралығында өткен студенттер арасындағы Республикалық химиядан пән олимпиадасынан 2 ХК Толебай Асылжан аға оқытушы Жақсыбаеваның жетекшілігімен қатысып, 3- орынға ие болды. Наурыз айының 1-де 1 курс 1топ қазақ тобы тәлімгері Жақсыбаева Ж.М. жетекшілігімен институттың барлық студенттері қатысуымен 8-наурыз «Халықаралық әйелдер» күніне арналған қыздар арасында « Қыз қылығымен көрікті» өткізілген шарадан бірінші орынды алды. Кафедра оқытушылары жатақханадағы студенттермен тығыз байланыста. Тек комнаталарының кішкентай болғаны болмаса, жағдайлары жаман емес. Қазір жатақханадағы оқу бөлмесінде компьютермен қамтамасыз етілген, интернетке қосылған. Студенттер компьютерді пайдалануда. Наурыз айында кафедра 2 жатақханада өз кезекшілігін атқарды. Кешкі сағат 18.00-22.00-ге дейін кезек етеді. Кезекшілік барысында жатақхана тыныш болды, ешқандай бұзақылық болған жоқ. Мамыр айында бүкіл химиктерге арналған «День химика» мейрамына байланысты 30 мамырда аға Жақсыбаева Ж.М. жетекшілігімен 3-курс 5В011200-химия мамандықтары бойынша «Химия ғажайып әлемі» атты институт концерттік кеш ұйымдастырып жатыр. 4)Бірлескен іс-шараларды өткізу. Оқу процесі барысында студенттердің бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, қоғамдық орындарда өздерін ұстау. Үлкенді сыйлап, кішіге құрмет көрсету мәселелері үнемі айтылып, жаман әдеттерден бойларын алыс ұстау, темекі шегу, наркотикалық заттарды пайдаланбау, алкаголь ішімдіктерінен аулақ жүру мәселелері үнемі сөз болып, айтылып отырады. Кафедра оқытушылары қаңтар-ақпан айларында университет көлемінде өткен «Денсаулық» спартакиадасына қатысып, шахматтан, стол теннисінен алдыңғы қатарға ілініп, 4-ші орынды жеңіп алды. Оқытушылармен бірге студенттерде қалалық, республикалық дәрежеде өткен спорттық жарыстарға қатысып, шығыс жекпе-жегі спорт түрінен өткен халықаралық жарыста жүлделі орындарға ие болды. Өткізілген тәрбие сағаттарының барлығына хаттама жазылып, тиісті құжаттамаға сәйкес реттелген. Факультет қабырғасында әр кафедраға тек студенттермен ғана жұмыс бекітіліп қана қоймай, сонымен қатар жатақханаларды кезекшілік, түрлі сайыстар мен отырыстар өткізу, түрлі тәрбиелік бағыттарда дәрістер оқу т.с.с. міндеттер жүктелген. Қазақстан географиясы, экология және оқыту әдістемесі кафедрасында кесте бойынша қыркүйек және сәуір айларында № 2 жатақханада кезекшілік атқарды. Сондай-ақ кафедраның дерлік оқытушылары «Білім күні», «Нашақорлық - тұңғиық түбі», «16 желтоқсан - ҚР тәуелсіздігі», «Жастар СПИД-ке және нашақорлыққа қарсы», «Студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру» т.с.с. тақырыптарда студенттері арасында баяндама, эдвайзерлік сағат, әңгіме-диспут түрінде жұмыстар жүргізілген. Студенттермен қысқы сессия қорытындысы мен оқу үлгерімін, сабаққа қатысу туралы мәселелерді қарастырып, оқу үлгерімінің қорытындысын тәлімгерлік журналға тіркеліп, жазылады. Кредиттік жүйе жайлы түсінік жұмыстарын жүргізіп, студенттердің сұрақтарына жауап, ақыл-кеңес беріп, үнемі бақылауға алып отырады.
|