қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Тұрсынбаева Қапиза Жаманғарқызы

Тұрсынбаева Қапиза Жаманғарқызы

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ 

1962 жылы Қарағанды обл., Ұлытау селосында дүниеге келген. 1984ж. Алматы шет тілдер педагогикалық институты, ағылшын және француз тілдері мұғалімі мамандығы, 2013ж. Шет тілдер және іскерлік карьера университетін 6М011900-шет тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша бітірген. Педагогика ғыл. магистрі.

1984-2003 ж. Жезқазған, Алматы қ. орта мектептерінде жұмыс істеді.

2003-2021 ж. Алматы Бас- Сәулет құрылыс академиясы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті;

01.09.2021жылдан Абай Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Филология және көптілді білім беру институты, практикалық ағылшын тілі кафедрасында аға оқытушы;

1998-2020 ж. Ұлттық Бірыңғай тестілеу орталығында ағылшын тілі пәнінен тест құрастырушы, эксперттік, республикалық апелляциялық комиссиясының мүшесі ретінде қатысты.

 

БІЛІМІ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру жылы

Алматы шет тілдер педагогикалық институты

ағылшын және француз тілдері мұғалімі

1984

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

Педагогика ғыл. магистрі

2013

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНІ 

Бакалавриат:   Шет тілі пәні 1 курс, 3 курс

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

Шет тілі оқыту әдістемелері  бойынша 90- нан аса  ғылыми-әдістемелік мақалалар және оқу құралдары авторы, оның ішінде:

ҚР БҒМ ұсынған 10 және 11 сыныптарына  арналған Ағылшын тілі оқу кітаптары (2001-2015);

ҚР БҒМ бекіткен жалпыбілім беретін  мектептің  10-11- сыныптарына  арналған  шетел тілдері бағдарламасы (2001);

Политехникалық сөздік, ҚР мәдениет министрлігі, Тілдер комитеті тапсырысымен (2010):

1-2 курс студенттеріне арналған оқу құралы, ҚазмемҚПУ (2011, 2014).

 

МАРАПАТТАРЫ

«ҚР Білім Беру Ісінің Құрметті Қызметкері» төсбелгі (2002);

«Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне зор үлес қосқаны үшін » ҚР БҒМ Құрмет Грамотасы(2001);

«Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ҚР Білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» ҚР БҒМ Ұлттық Тестілеу Орталығының Грамотасы (2011);

«Құрмет белгісі» медалі ҚазмемҚПУ 70 жылдық мерейтойы (2014). 

 


← Кері оралу