- Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес курстарды ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын қашықтықтан оқыту орталығына басшылық жасайды;
- қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, педагогикалық шеберлікті арттыру жұмысын ұйымдастырады;
- университеттің білім беру порталында университеттің жетекші оқытушыларының авторлық курстарын әзірлейді, жариялайды және сүйемелдейді;
- (blended learning) аралас оқыту технологиясын енгізу арқылы білім берудің барлық деңгейінде оқу үдерісінің тиімділігін арттырады;
- Университеттің жаппай ашық онлайн курстарын (MOOC) әзірлейді және орналастырады;
- қашықтан оқыту технологиясын пайдалана отырып, бакалавриаттың жеделдетілген білім беру бағдарламаларын (екінші жоғары білім және орта арнаулы білім негізінде) әзірлейді;
- бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламаларын ақпараттық-маркетингтік қолдау, оның ішінде қашықтан маркетинг құралдарын пайдалану;
- қашықтықтан технологияларды пайдалана отырып университеттегі барлық білім беру бағдарламаларын ақпараттық, бағдарламалық және техникалық қамтамасыз ету;
- перспективті және жылдық жұмыс жоспарларын, біліктілікті арттырудың оқу жоспарларын және оқу-ғылыми әзірлемелерді қалыптастыруға және негіздеуге қатысады, оларды жүзеге асырудың маңыздылығы мен қажеттілігін, оларды шешу жолдары мен әдістерін анықтайды;
- бірлескен жобаларды және ғылыми-әдістемелік ынтымақтастықты дамыту үшін шетелдік және отандық серіктестерді іздеуге бастама жасайды.
|