қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.12.2014

Шетел азаматтарына арналған филологиялық пәндер кафедрасы оқытушыларының Фрайбург қаласына (ГФР) сапары туралы

ЕСЕБІ

 

Абай атындағы  ҚазҰПУ ректоры  С.Ж.Пірәлиев тағайындаған «Шеттілді аудиторияда қазақ және орыс тілдерінің болашақ мамандарын даярлаудың инновациялық әдістері» (жоба жетекшісі профессор Бегалиева С.Б.) жоғары оқу орындары ішілік грантының аясында  2014 жылдың 17-26 қарашасы аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессорлары А.Т.Оңалбаева, Т.Ж.Тоқтарова, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ассоциативті профессоры Т.Т.Айтказина жұмыс сапарымен Фрайбург қаласындағы педагогикалық университетке  барып қайтты.  

Іссапар кезеңінде Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары Фрайбург қаласындағы педагогикалық университеттің  халықаралық байланыстар басқармасының жетекшісі Йоханнес Лебфром мырзамен кездесті.

 Фрайбург қаласындағы  педагогикалық университет - Батыс Еуропадағы көне университеттердің бірі, элиталық жоғары оқу орны. Оның құрылымына 11 факультет пен 18 зерттеу орталығы кіреді. Олардың барлығы мамандар даярлау ісінде, сондай-ақ медицинаның, биологияның, химияның, әлеуметтік ғылымның, информатиканың және т.б. өзекті бағыттары бойынша ғылыми даярламалар жасауда да бір-бірімен тығыз ынтымақтастық байланыс орнатады.  Фрайбург педагогикалық университеті бірнеше рет мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Солардың бірі  - «Excellent Teaching», жоғары оқу орнына 2009 жылы берілген.       

Лебфром мырза ғылым мен білім беру саласындағы  біздің жоғары оқу орны арасындағы өзара тиімді әріптестік қатынастарды әрмен қарай нығайтудың маңыздылығын, екі елдің тілімен, мәдениетімен танысуға бағытталған іс-шаралар өткізуге қызығушылық танытатынын, университеттер арасындағы ынтымақтастық аясында оқытушылармен, студенттермен алмасу және бірлескен ғылыми зерттеулер ұйымдастыру мәселелерін атап өтті. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқытушылары тәжірибе алмасу мақсатында түрік, француз, неміс және поляк тілдерінің сабақтарына қатысты.

Неміс әріптестермен кездесу барсында шет тілдерін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері, идеялары мен болашағы талқыланды:  

- білім берудің әртүрлі кезеңдерінде шет тілдерін оқыту тәжірибесіне инновациялық білім беру технологияларын енгізу;

- оқу үдерісінде электронды оқулықтарды, интербелсенді тақталарды, Интернет-тестілеуді қолдану мәселелері;

- шет тілін әртүрлі деңгейдегі топтарда  және «демалыс күні» топтарында оқыту,  студенттермен on-line режіміндегі жұмыс.   

Жұмыс сапарының нәтижелері туралы Шетел азаматтарына арналған филологиялық пәндер кафедрасының 2014 жылғы 28 қарашадағы мәжілісінде баяндалды.   

 

Ақпаратты дайындағандар: Айтказина Т.Т., Оналбаева А.Т., Токтарова Т.Ж..