қазақша · русский · english
   


Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар

 

2016 жылдың 1 мен 4 қараша аралығында Жаратылыстану және география институтында «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Обновление естественнонаучного содержания школьного образования в Республике Казахстан» тақырыбында жалпы білім беретін мектептің мұғалімдеріне арналған Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Семинар жұмысына жаратылыстану пәндерін оқыту кафедрасының поқ: профессор Б.А. Мансуров, профессор Р.Ш. Избасарова, доцент К.А. Жумагулова қатысты. Химия пәндерінің мұғалімдерімен профессор Б.А. Мансуров жұмыс жасап, мектептегі химия мазмұнындағы жаңа қосылулар туралы айтты.
6 сыныпқа арналған биология пәні оқулығының авторы ретінде доцент К.А. Жумагулова биология пәнінің мұғалімдеріне жаңа өзгерістерді баяндады. Профессор Р.Ш. Избасарова ендігі жылдан бастап қолданысқа ие болатын биология пәнінің оқу бағдарламасының ерекшеліктерін айтты.
Сабақтар қолайлы әрі шығармашылық ортада өтті. Дәріскерлер ұстаздардан көп ақпарат алып, алда осындай ғылыми әдістемелік семинарлар өткізерде қандай мәселелерге баса көңіл аудару керектігін білді.

 

                               

 

Жаратылыстану пәндерін оқыту технологиясы кафедрасының қалыптасуы мен даму тарихы.

Кафедраның қалыптасу тарихы ботаника кафедрасымен тығыз байланысты.
Себебі: факультет болып институт ашылған куннен бері келе жатқан жаратылыстану факультетінеде биыл 80 жыл толады. Жеке пәндерді оқыту әдістемесіде осы факультет ашылған күннен бастап оқылып келе жатқан негізгі пән. Ол көп жылдар бойы ботаника, химия, география кафедрасының құрамында болып келеді. Тек 1969 жылы биологияны оқыту әдістемесі жеке дара кафедра болып бөлініп шықты. Оны белгілі ботаник әдіскер ғылым
доцент Т.М. Мусакулов басқарды. Алғашқы дара кафедраның мұғалімдері А.К. Каргулин, C.Ж.Жумабаев, М.Г.Сагитова, Ш.И. Избасаров, С.Н. Обаев, С.О.Орынбеков, К.И.Иманкуловалар еді. 1978-1979 жылдары кафедраны доцент Ш.И. Избасаров басқарды. Өкінішке орай, талантты ұстаз өмірден тым ерте кетті. 1980-1981 жылдары кафедра меңгерушісінің қызметін уақытша доцент К.И. Иманкулова атқарды. Ал 1981 бұл кафедра ботаника кафедрасының құрамына қайта қосылды. Оны 1982-1985 жылдары профессор Ж.Ж. Жатқанбаев, 1985 -1991 жылыдары профессор Е.А. Агелеуов басқарды
1991 жылдың қаңтарынан бастап, жаңа жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесі деген кафедра дүниеге келді. Жаңа кафедраның ашылуына оның қалыптасуына кафедраның алғашқы жетекшісі болған, доцент А.К. Рахымбекованың еңбегі зор. Себебі ол кісі кафедраға жеке факультеттерде оқылатын әдістемелік пәндердің басын біріктіре білді. Атап айтқанда:
- Биологияны оқыту әдістемесі
- Географияны оқыту әдістемесі
- Химияны оқыту әдістемесі
- Табиғаттану пәндерін оқыту әдістемесі
- Жаратылыстану пәндерін оқыту
- Оқытудың технологиялық құралдары
- Педагогикалық және өндірістік практика
Бұл пәндер, қатарынан үш факультетте (Жаратылыстану, география-экология және ПМНО-да жүретін) Жаңа құрылған дербес Жаратылыстану пәндерін оқыту кафедрасының оқытушыларының құрамына тәжірибелі ұстаздар (Нугыманов И, Жортанов С, Дюсупова Л, Обаев С, Орынбеков С, Ишмухамедова Н) және жас мұғалімдер (Кисымова А. Избасарова Р, Мансуров Б, Асубаев Б, Филимонова Г, Бектеньярова А. Калыбаева А. Тайкенова. М. тағыда басқалар кірді.
1993 жылдан 2001 жылға дейін кафедраны доцент Б.А.Мансуров басқарды. Бұл кезеңде кафедраның ғылыми дәрежесі тым жоғарғы деңгейге көтеріліп, материалдық-техникалық базасы нығая түсті. Мысалы: 1993 жылы Нугыманов И.Н. докторының диссертациясын қорғады. 1994-2001 жылдары кафедраның 7 адамы кандидаттық диссертациясын қорғап шықты. (Ишмухамедова Н, Бектеньярова А, Кисымова А, Избасарова Р, Орынбеков С, Өнербаева З, Филимонова Г. Бұған қоса, педагогикалық практиканы жетілдірудің әдістемесі бір саты жоғарғы деңгейге көтерілді.Әдістемелік пәндердің жаңа типтік бағдарламасы жасалып, оқу жоспарлары ретке келтірілді. Мектептермен қарым-қатынас арта түсті. Оқытушылардың ғылыми дәрежесі 5-6 жылдың ішінде 60% артты, бұл көрсеткіш факультет емес, университет деңгейіндегі ең жоғарғы жетістік болып саналды.Әрине мұндай жетістікке жетудің басты себебі, кафедра дербестігі мен ондағы ғылыми жұмыстарға дұрыс бағыт беріп, басқара білген профессор И.Н.Нугымановтың еңбегі ұшан теңіз.Осы уақыт аралығында көптеген оқытушыларымыз өздерінің әдістемелік оқу құралдары мен оқулықтарын жазып оны баспадан шығарды. «Химияны оқыту әдістемесі» авторы (профессор Нугуманов И.Н.) «Жаратылыстану негіздері» авторы (доцент Ишмухамедова Н.Б). «Тестовые задания по органической химии», «Органическакя химия » учебник для 10 класс автор (профессор Мансуров Б.А.)«Физикалық географиядан тестік тапсырмалар»., «Экологтың кітапшасы» (авторы Асубаев Б.К.). «Ұлттық ойындар» (авторы Кисымова А.К.). «Жалпы биологиядан есептер шығарудың әдістері» (авторы доцент Обаев С.Н.) (З.О. Өнербаева.). « Номенклатура мен символиканың өзара байланысы арқылы оқушылардың химиялық білімін жетілдіру»., «Педагогикалық пратика әдістемесі (химия пәні негіздері)», «Бейорганикалық химиядан студенттер-ге арналған өз бетінше орындайтын сұрақтар мен тапсырмалар.» т.б.
Өкінішке орай, табанынан тік тұрып келе жатқан факультеттегі келешегі мол кафедра аяқ астынан таратылып әдістемелік пәндерді оқыту әртүрлі кафедраның құрамына ыдыратылды, әдістемелік пәндердің жандануына орасан зор кері әсерін тигізді.Нәтижесінде 6-7 жыл ішінде бірде -бір әдістемелік диссертация қорғалған жоқ.
Ұлттық педагогикалық университет дәрежесіне ие болғаннан кейін, 2004-2005 оқу жылынан бастап, тарыдай шашырап кеткен әдістеме пәндерінің басын қосып, химия кафедрасының құрамына кіргізді. Кафедраның аты «Химия және Жаратылыстану пәндерін оқыту» әдістемесі деп аталды. Бұл мезгілде кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымының докторы профессор Шокыбаев Ж.А. өзі химияның әдістемесінен сабақ беретін болғандықтан әдістемелік пәндерге ерекше мән беріліп, әдістемелік ғылыми семинарлар жанданып, халық аралық, Республика көлемінде ғылыми - әдістемелік конференциалар ұйымдастырыла басталды.
Шеттен келген әдістемелік диссертациялар сарапқа салынып, ғылыми советтерге жолдама алып жатты. Кафедраның материалдық-техникалық базасы нығая түсті. 1 миллион теңгеге жаңа оқытудың техникасы мен әдістемелік оқу құралдары мен оқулықтар сатып алынды. Оны ұйымдастырған доцент С.Н. Обаев болды. Көптеген ұстаздарымыз ғылыми-әдістемелік жұмыстарын жандандыра түсті. Жаңа буын мектеп оқулықтарының авторларының құрамына кірді. Мансуров Б, Шоқыбаев Ж, Кисымова А, Жанбеков К, Асубаев Б. т.б. Әсіресе, доцент қызметтерін атқарушы ұстазымыз А.К. Кисымова барлық сыныптарға арналған биология оқулығының авторларының бірі. Одан басқада, 6-7 оқу әдістемелік осы заман талабына сай жазылған жоғары оқу орындарына арналған «оқыту технологиясы» деп аталатын оқулықтың авторы. Факультет тарихында «Ұздік оқытушы» деген атақты жеңіп алған алғашқы ұзтазымыз.
Өмір талабына сәйкес 2007 жылдың шілде айынан бастап, Жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі химия кафедрасынан бөлініп, жеке - дара «Жаратылыстану пәндерін оқыту технологиясы» деген атпен өмірге қайта келді. Кафедра меңгеруші болып 1994 - 2001 жылдары осы кафедраны шебер басқара білген профессор Мансуров Б.А. тағайындалды.
Бұл кафедраның құрамында төмендегідей ұстаздар еңбек ете бастады: доценттер Обаев С.Н. Кисымова А.К. Избасарова Р.Ш, Унербаева З.О, Сагимбаева А.Е, Асубаев Б.К, Иркитбаев С., аға оқытушылар - Калыбаева А.М, Нурмагамбетова Г, Иманкулова Р.А, Камиева Г.С, Кайынбаева Б.О, АсемкуловТ.К. Кафедраның атына сай ұстаздар оқытудың жаңа технологиясына қарай бет бұрды. Сабақтарында оқытудың не бір жаңа технологиясын кеңінен пайдалана бастады. Әсіресе информациялық, моделдік, жеке бастың ерекшелігіне сәйкестендіру, проблемалық, дифференциялық т.б.
2008-2009 оқу жылында тағыда, кафедра ұжымында кейбір оқытушылардың жұмыс орнын ауыстыруға сәйкес, география факультетінің бөлініп кетуіне байланысты көптеген штаттық өзгерістерге ұшырады.География пәндері мен экология пәндерінің әдістемесі басқа факультетке өтуіне сәйкес, кафедра ұжымына жаңа ұстаздар келді.
«Жаратылыстану пәндерін оқыту технологиясы» кафедраның құрамында профессор м.а. Избасарова Р.Ш, доценттер: Унербаева З.О, Жумагулова К.А., Бекенова Н.А., аға оқытушылар: Калыбаева А.М, Иманкулова Р.А, Камиева Г.С, Бирталаев Е.К., Жусупбекова Н.С. сынды білікті оқытушылар құрамы жұмыс жасайды. Кафедраның атына сай ұстаздар оқытудың жаңа технологиясына қарай бет бұрды. Сабақтарында оқытудың не бір жаңа технологиясын кеңінен пайдалана бастады. Әсіресе информациялық, моделдік, жеке бастың ерекшелігіне сәйкестендіру, проблемалық, дифференциялық т.б. Жалпы оқытушылар саны 10 адам, 1 лаборант бар. Ұстаздардың екеуі профессор, алты ғылым кандидаттары, 3 доценттер, 5 адам аға оқытушы. Яғни 60 % астамының ғылыми атақ дәрежесі бар ұстаздар.
Бүгінде кафедраның ұстаған бағыты өте дұрыс. Оқытудың жаңа технологиясын кеңінен өндіріске енгізу, келешек мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру, бүгінгі өмір талабына сай оқыту технологиясының қыр-сырымен жан-жақты қаруландыру.
2014 жылы кафедрада профессор Мансуров Б.А. жетекшілігімен Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ректор грант бойынша «Применение инновационных технологий в профессиональной подготовке педагогических кадров по предметам естественнонаучного цикла» атты ғылыми жоба орындалды.