қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.12.2018

Француз Республикасы делегациясының Абай атындағы ҚазҰПУ-ға келуі

 

  

 

2018 жылдың 5 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев Француз Республикасының Ұлттық жиналысының депутаты және Франция-Қазақстан достық тобының төрағасы Пьер Кабарэ, Француз елшісі Филипп Мартинэ, Француз Ұлттық Ассамблеясының Сыртқы істер жөніндегі комитетінің кеңесшісі Жиль Аратун, Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы бас консулы, Қазақстан Республикасындағы Франция елшілігінің экономикалық кеңесшісі Николя Стюдер, Француз елшісінің ҚР-дағы хатшысы Раушан Әшімбаева, Франция елшілігінің Қазақстан Республикасындағы университеттер ынтымақтастығы бойынша атташесі Жиль Маметцпен кездесті.


Қонақтарды Такир Балықбаев қарсы алды. Кездесуде ректор университеттің Франция университеттерімен жемісті ынтымақтастығын дамыту туралы әңгімеледі. Француз Республикасының Ұлттық Ассамблеясының депутаты, өз кезегінде, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қазақстан мен Францияның ғылым, мәдениет және білім саласындағы қарым-қатынасын дамытуға қосқан үлесін атап өтті.


Кездесу барысында Франция және Қазақстан университеттерінің әріптестік мәселелері қозғалып, кездесудің басты тақырыбы - Сорбонна-Қазақстан институтын дамыту мәселесіне тоқталды. Сорбонна-Қазақстан институтында Францияның жоғары оқу орындарымен екі дипломдық бағдарламаларды әзірлеу, франкофондық мамандықтар үшін Орталық Азия платформасын және Қазақстан мен Франция ЖОО арасындағы ынтымақтастықта ҚазҰПУ орталығын құру туралы мүмкіндіктер және 2019 жылдың сәуірінде (қауіпсіздік пен цифрландыру мәселелері бойынша қазақстан-француз конференциясының аясында) жоспарланып отырған ҚР Ректорлары кеңесі өкілдерінің қатысуымен өтетін Франция мен Қазақстан университеттері ректорларының кездесуі жайлы айтылды.


Францияның Қазақстандағы елшісі Филипп Мартинэ қазіргі кезде «Сорбонна-Қазақстан» институтында Орталық Азия (Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан) өңірлерін білім беру бағдарламаларына тарту үшін «Абай-Верн» - студенттердің ұтқырлық бағдарламасын дамытуға қатыстыру жөнінде перспективалық бағыттарды анықтап отырғанын, енді осы бойынша жұмыс атқарылатынын айтты.


Қорытындысында Такир Балықбаев құрметті қонақтарға ғылым мен білім саласындағы қазақстан-француз қатынастарының дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

  

 

Халықаралық ынтымақтастық басқармасы