қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
22.12.2015

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті болашақ мамандарды ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясы рухында тәрбиелеу мақсатымен оқу үдерісіне «Мәңгілік Ел» пәнін енгізу жөнінде республикада бірінші болып мәселе көтерген жоғары оқу орыны. Университеттің педагог-ғалымдары көп ізденіп, еңбектеніп «Мәңгілік Ел» пәнінің оқу бағдарламасын, Тұжырымдамасын даярлады. Тіпті осы пәнге арналған оқу құралы да шығарылды.
«Мәңгілік Ел» пәні тек педагогикалық оқу орындарында ғана емес, барлық жоғары оқу орындарында, барлық мамандықтар бойынша оқытылуы тиіс. Сондықтан бұл салада қандай өзекті мәселелер бар, оны қалай шешуге болады? Жалпы, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асырудың жолдары қалай? Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткізілгелі отырған «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясы Қазақстан Республикасының жоғары білім саласындағы жүйеқұрушы фактор: оның мәселелері мен іске асыру переспективалары» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференцияда осы мәселелер терең ғылыми негізде талқыланады.
Конференцияға ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР ҰҒА академиктері, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері, ҚР ЖОО-ларының ректорлары, жетекші ғалым-зерттеушілер (тарихшылар, философтар, әлеуметтанушылар, саясаттанушылар, педагогтар, психологтар) қатысады.


Конференцияның өтетін орны:
Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, Абай атындағы ҚазҰПУ
Бас ғимараты, 225-мәжіліс залы.
Өтетін уақыты: 24 желтоқсан 2015 жыл. Сағ. 10.00
Байланыс телефоны: 8(72-72) 93-85-93.
Абай атындағы ҚазҰПУ Баспасөз орталығы