Педагогика және психология институты докторанттарының ғылыми семинары өтеді
2023 жылғы 2 маусымда Педагогика және психология институты ғылым бөлімінің ұйымдастыруымен докторанттарға арналған ғылыми семинар өткізіледі. Ғылыми семинардың модераторы «8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2-ші курс докторанты Н.Н. Тилеубаева.
Семинар баяндамашылары:
1. Абдуллина Қ.Е., «8D01901 - Арнайы педагогика» мамандығының 3-ші курс докторанты. Баяндама тақырыбы: «Қазақ сәндік қолданбалы өнер құралдары арқылы есту қабілеті нашар оқушылардың әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру ерекшеліктері».
2. Сайдаева Б.М., «8D01901 - Арнайы педагогика» мамандығының 3-ші курс докторанты. Баяндама тақырыбы: «Есту қабілеті зақымдалған 5 сынып оқушыларының ағылшын тіліндегі ауызекі- тұрмыстық лексикасын дамыту».
3. Ибраева Қ.С., «8D01901 - Арнайы педагогика» мамандығының 3-ші курс докторанты. Баяндама тақырыбы: «Бейнелеу өнері терапиясы арқылы есту қабілеті бұзылған оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту».
4. Каипова Ж.М., ә8D01901 - Арнайы педагогикаә мамандығының 3-ші курс докторанты. Баяндама тақырыбы: «Болашақ арнайы педагогтердің цифрлық сауаттылығын қалыптастыру ерекшеліктері».
5. Аяпова Б.А., 8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 2-ші курс докторанты. Баяндама тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі ересек топтағы көшбасшы бала портреті».
6. Туздыбаева А.А., «8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2-ші курс докторанты. Баяндама тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың сыни тұрғыдан ойлауды дамыту мәселелері».
7. Люфт А.В., «8D01301-Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді даярлау» мамандығының 2- ші курс докторанты. Баяндама тақырыбы: «Болашақ бастауыш білім педагогтерін формальды және информальды оқыту жағдайында театрлық шеберлік әдістемесін қолдануға даярлау».