Негізгі бет /
Хабарландыру
26.05.2023 Биология кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді
2023 жылдың 31 мамырда сағат 10.00-де «6D011300 - Биология» мамандығы бойынша Анаркулова Эльмира Избасаровнаның философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін дайындаған «Вирустарды молекулярлық-генетикалық сипаттау және сәйкестендіру негізінде студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институты «Биология» кафедрасының кеңейтілген отырысында талқыланады.
Кафедраның кеңейтілген мәжілісі оффлайн және онлайн-форматта өткізіледі.
Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.
Қорғау тілі - қазақша
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР: Аманбаева Махаббат Батырғалқызы - PhD доктор, қауымдастырылған профессор. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, (Алматы қ., Қазақстан). Богоявленский Андрей Павлинович- биология ғылымдарының докторы, профессор. «Микробиология және вирусология ғылыми зерттеу орталығы», (Алматы қ., Қазақстан). Суматохин Сергей Витальевич- педагогика ғылымдарның докторы, профессор. Мәскеу қалалық педагогикалық университеті, (Мәскеу қ, Ресей).
РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР: Жумагулова Қалапыр Абджапаровна - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, (Алматы қ., Қазақстан). Сартаева Акмарал Алтынбековна - биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, (Алматы қ., Қазақстан).
ZOOM https://us05web.zoom.us/j/9494441241?pwd=ck1LemtLUUtUL01Id1hZdXdqQ1NIdz09
Идентификатор: 949 444 1241
Код: 2023
Мекенжайы: 050010, Алматы қ., Қазыбек би көшесі, 30. №1 ғимарат (4-қабат, 416 аудитория)
|