Негізгі бет
Жаңалықтар
10.12.2018 «Үкілі биші» қазақ биінің республикалық байқауы
2018 жылдың 6-7 желтоқсаны аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ҚР халық әртісі Дәурен Әбіровтың 95 жылдығына арналған «Үкілі биші» қазақ биінің республикалық байқауы өтті.
Мақсаты: дарынды жастарды айқындап, демеу көрсету, қоғамның рухани жаңғыруы контекстінде қазақ би өнерінің дамуындағы жастардың шығармашылық әлеуетін ашу.
Байқауға 100-ден астам адам қатысты, соның ішінде: «5В040900 - ҚР ЖОО-ның хореография» мамандығының студенттері, колледждердің, мәдениет мекемелерінің, көркемөнер мектептерінің және т.б. шағын би топтары (2-5 адам) бар.
«Үкілі биші» қазақ биінің республикалық байқауы профессор Алмат Құмаржановтың қазақ халық билері негізінде қойылған Би прологымен ашылды. Байқаудың құрметті қонақтары Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Баймұрат Оспанов, ҚР Халық әртісі, Дәурен Әбіровтың қызы Камила Абирова, Алматы мемлекеттік мұрағатының бас сарапшысы Ләйлә Рахипова, Дәурен Әбіровтың шығармашылық мұрасы мен оның қазақ биінің дамуына қосқан үлесі туралы сөз сөйледі.
Қазылар алқасы құрамында Қазақстанның жетекші педагог-хореографтары жұмыс атқарды: КазМемҚызПУ профессоры Людмила Кремер, Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы Әлпеш Күлсеитова; ТарМПУ доценті Ольга Привалова, ҚР мәдениет үздігі, «Алтынай» Мемлекеттік халық би ансамблінің солисі, Халықаралық конкурстардың лауреаты Бегзат Агияр (Талдықорған қаласы), «Достар» Халықаралық мектеп-лицейінің оқытушы - хореографы, республикалық байқаулардың жеңімпазы Нұрбек Ботатаев.
Байқау нәтижелері бойынша бас жүлдемен (Гран-при) «Аққу» ансамблі (Ақтөбе қаласы) марапатталды, 1 орын Елебеков атындағы РЭЦК ансамблі, 2 орын - Абай атындағы ҚазҰПУ ансамблі; ҚазМемҚызПУ-нің «Томирис» ансамблі; 3 орын - ТарМПУ, ҚазҰАУ, Ақтау өнер мектебінің би ансамблдері марапатталды.
Музыкалық білім беру және хореография кафедрасы
|