қазақша · русский · english
   
Оқу -әдістемелік қызмет

Бакалавриат мамандықтары бойынша Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттары, мамандықтардың типтік және оқу-жұмыс жоспарлары, пәндердің оқу-әдістемелік кешендер жаңартылып, оқу-жұмыс бағдарламалары мен силлабустары, тесттер мен тест сұрақтары, емтихан билеттері дайындалады.
Кафедраның ПОҚ -ы мына мамандықтар 5В011300 - биология, 5В011200-химия, 5В060700-биология (бакалавриат) бойынша типтік бағдарламалардың авторлары: «Өсімдіктер физиологиясы» пәні бойынша- профессор Жатканбаев Ж.Ж., Сагатов К.С., Койбагарова Б.Х., Бұхарбаева Ж.М. «Биохимия» пәні бойынша- Жатканбаев Ж.Ж.,Сагатов К.С. «Өсімдіктер және жануарлар экологиясы» пәні бойынша- Койбагарова Б.Х., Тлебаева К.Б., Батырова К.И., ЖаксыбаевМ.Б.,Сексенова Д.У. Бакалавриаттарда жұмыс оқу бағдарламасы факультет кеңесінде және кафедра мәжілісінде бекітіледі. Кафедрада үнемі жұмыс бағдарламасы негізінде жұмыс жүргізіліп тұрады. Әрдайым жұмыс оқу бағдарламасын толықтырып жаңа әдебиеттер тізімін жазып, студенттер біліміне тексеріс ретінде жаңа формалар енгізіп тұрамыз. Жұмыс оқу бағдарламасы мен әдістемелік жұмыстар жоғары мектеп талаптарына сәйкес жасалған. Барлық негізгі пәндер бойынша тест жасалған.
Барлық пәндер бойынша емтихан билеттері дайындалып бекітілді. Соңғы үш жылда 10 шақты оқу- әдістемелік құралы өңделді және жарық көрді, 60 - қа жуық мақала жарияланды. Кафедрадағы ПОҚ-ы «Биология» мамандығының барлық пәндерінен білім алушыларға арналған оқу - әдістемелік кешен дайындалды.
Кафедрада профессорлары К.С. Сағатов, Т.А Ашимов - 100-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің авторы, ғылыми жұмыстарының нәтижелелері әрі халықаралық және бүкілодақтық конференцияларда баяндалды. Ғылыми жетістіктерімен екі кандидаттық және көптеген дипломдық жұмыстарды қорғатты.