қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.12.2018

Cтуденттердің халықаралық форумы: Мәскеу-Алматы

 

2018 жылдың 7 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Шетелдік азаматтарға арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының 1, 2, 3 және 4 курс студенттері Ресей білім беру академиясы (Мәскеу қ., Ресей) «Психология институты» ұйымдастырған студенттердің «Менің болашағым»: менің кешегім, менің бүгінім, менің ертеңім халықаралық форумына қатысты.


Халықаралық форумның мақсаты: Қазақстандағы шетелдік студенттердің мәдени-психологиялық бейімделуі, қарым-қатынас дағдыларын дамыту және өз-өздерін таныстыра алу.


Студенттер «Менің кешегім», «Менің бүгінім», «Менің ертеңім» деген үш командаға бөлінді. Олар тұсаукесерлер дайындап өткенгі, бүгінгі, болашақтағы өмірдің мәнін қалай түсінетіндерін баяндап берді.


Шетелдік азаматтарға арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының оқытушылары командалардың жетекшілері болды. Олар п.ғ.к., профессор Бақытгүл Балгазина, ф.ғ.к., доцент Виталия Казабеева, ф.ғ.к., доцент Гунчам Нурахунова, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы Ляйля Мамытбекова.


Қазылар мүшесі: форум жетекшісі, психология ғылымдарының кандидаты РҒА «Психология институтының» аға ғылыми қызметкері Татьяна Попова, Абай атындағы ҚазҰПУ Халықаралық қатынастар басқармасының бастығы Айгуль Искакова, ОӘС бастығының орынбасары Ақылжан Алмасов, Шетелдік азаматтарға арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі Сауле Бегалиева, Халықаралық ғылыми-мәдени байланыстар бөлімінің бастығы Баян Сапаргалиева, халықаралық форумның Қазақстандық секциясының жетекшісі, ғылыми-мәдени байланыстар бөлімінің инспекторы Сауле Исалиева.


Команда қатысушылары «Ойларының ұшқырлығы үшін», «Ізденушілігі үшін», «Шығармашылығы үшін» дипломдарына ие болды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

    

 

Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation)