қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
15.08.2023

Құрметті ізденуші!

 


Бос жұмыс орны жабық

 

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі - Университет) конкурстық іріктеуді жариялайды:

 

- Келесі бос лауазымдар бойынша: Филология институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

 

Біліктілік талаптары: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, магистр дәрежесінің және (немесе) ғылыми дәрежесінің және (немесе) PhD дәрежесінің болуы, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс өтілі оқытушы лауазымынан кемінде 5 жыл болуы керек.

 

Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша конкурстық комиссия әкімшілік-басқару персоналы қатарынан басшы лауазымдардың басқа санаты бойынша Университеттің кадр резервіне алуға конкурстан өтпеген ізденушілерді ұсынуға құқылы.

 

Егер Сіз конкурсқа қатысуға қызығушылық танытсаңыз, құжаттарды 2023 жылғы 24 тамызға дейін (қоса алғанда) жолдауыңызды сұраймыз.

 

Конкурстық құжаттар сканерленген нұсқада келесі электрондық поштаға ұсынылу мүмкіндігі бар: hr.konkurs-2023@abaiuniversity.edu.kz, сондай-ақ, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13 (№103 кабинет, 1 қабат) мекен-жайы бойынша қолма-қол қабылданады.

 

Конкурсты өткізу күні, орны және форматы қосымша хабарланатын болады.

 

Анықтама телефондары: 8(727)291-82-57.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар, тапсырады:

1) түйіндеме;

2) жоғары білім туралы дипломдардың көшірмелері, академиялық және ғылыми дәрежесі (болған жағдайда), ғылыми атағы туралы құжат (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалар;

3) келесі тақырыптарды көрсететін (электронды түрде, көлемі 5 слайдтан артық емес) жобаларды таныстыру:

1) «Алдағы 3 жылдағы Институттың жалпы көрінісі»;

2) «Академиялық қызметтегі инновациялар»;

3) «Ғылыми қызметті дамыту»;

4) «Білім беру бағдарламаларын жаңғырту және жобалау»

 

Презентацияға қойылатын жалпы талаптар: 1 (бір) презентацияға қажетті уақыттың орташа есебі 7 минуттан аспауы тиіс, ұсынылатын шрифт өлшемі ≥ 20.

 

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты (ғылыми жарияланымдардың тізімі, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) және т. б. қосымша ақпаратты ұсынуға құқылы.

 

* Байқаудан өткен жағдайда құжаттардың толық тізімін ұсыну қажет.