қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
26.01.2016

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ғалымдар мен мұғалімдердің 1-ші Республикалық жыл сайынғы ғылыми-әдістемелік конференциясы

 

«ДУАЛЬДЫ-БАҒДАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА МЕКТЕП-КОЛЛЕДЖ-ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ»

 

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беруде теориялық дайындық пен практикалық іс-әрекет интеграциясына бағыттталған педагогтар және психологтарды практикалық-бағдарлық даярлаудың қажеттілігінің уақыты жетті. Педагогикалық кадрларды даярлау жүйесінде мектеп-колледж-жоғары оқу орны ынтымақтастығы жағдайында дуальды білім беру осындай мүмкіндіктерге ие.

ҚР-дағы дуальды-бағдарлық білім беру бағыттары мен шарттарын анықтау мақсатында әр түрлі білім деңгейінде педагог-психолог мамандар арасында құрылымдық диалогты жүзеге асыру үшін Алғашқы/бірінші рет! Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Педагогика және психология институты, педагогика және психология кафедрасы Ғылыми-әдістемелік кешен: мектеп - колледж - ЖОО іс-әрекеті аясында «Дуальды-бағдарлық білім беру жағдайында мектеп-колледж-жоғары оқу орны іс-әрекеттерінің интеграциясы» ғалымдар мен мұғалімдердің 1-ші Республикалық жыл сайынғы ғылыми-әдістемелік конференциясының жұмысына қатысуға шақырады.

Конференция 2016 жылдың 30-31 наурызында өткізіледі. Мекен жайы: Алматы қ., пр-т Достық, 13.

Конференцияға қатысуға Қазақстан Республикасының мектеп мұғалімдері, колледж оқытушылары, мектеп және колледж психологтары,  ғылыми қызметкерлері, оқытушылары, магистранттары, докторанттары шақырылады.

Материалдарды қабылдау мерзімі -  01.03.2016ж. дейін.

Конференцияға қатысушылар үшін ұйымдастырушылық жарнасы/төлем -3000 теңгені құрайды.

МЕКТЕП  МҰҒАЛІМДЕРІ ҮШІН - ТЕГІН.   

Конференция жұмысын келесі бағыттарда талқылау жоспарланады:

- Қазақстан Республикасындағы дуальды педагогикалық білім беру мәселесі.

- Оқу-әдістемелік іс-әрекеттегі мектеп-колледж-жоғары оқу орнының өзара әрекеттестігі.

- Ғылыми-зерттеушілік іс - әрекеттері: мектеп-колледж-ЖОО-ның ынтымақтастығы.

-  Оқушы мен студентті оқыту мотивациясын арттыру мәселесі.

-  Қазіргі заманғы педагогтар мен психологтардың кәсіби іс-әрекетіндегі  инновациялық технологиялар.

- Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызмет: интеграциялық процесстер.

Секциядағы талқыланатын мәселелер мен жұмыс бағыттарының аясы  конференцияны ұйымдастыру комитетіне келіп түскен өтініштер бойынша кеңейтіледі және нақтыланады.

Конференция: қазақ және орыс тілінде өткізіледі. 

Конференция жұмысы келесі үлгіде жоспарланады:

Пленарлық  мәжіліс - баяндамалар, жеңімпаздарды марапаттау процедурасы, секция жетекшілерінің есебі, конференция қарарын қабылдау.

Онлайн режимдегі Шебер-сынып.

Секциялық мәжілістер - белгіленген тақырыптар мен бағыттар бойынша баяндамалар.

Постерндік мәжіліс - стендтік баяндамалар презентациясы.  

Постерндік мәжілісті өткізу және эксперттік  комиссияның шебер- сыныбын дайындауды бағалау нәтижесі бойынша 1-ші, 2-ші, 3-ші дәрежелі дипломдармен марапатталады.   

Конференцияға қатысушыларға беріледі:

-         конференция бағдарламасы;

-         - конференцияға қатысушылар сертификаты;

-         баяндамалар жинағы;

-           әдістемелік құрлар жинағы.

Ұйымдастыру комитетінің өзінің мазмұны бойынша және  конференцияның рәсімдеу талаптарына жауап бермейтін баяндамаларды жарияламау құқығы бар. 

Конференция шеңберінде Абай атындағы ҚазҰПУ ПОҚ, ҒӘК-нің құрамына енген мектеп мұғалімдерінің және колледж оқытушыларының, сонымен бірге конференцияға қатысушылардың ғылыми, ғылыми-әдістемелік, әдістемелік еңбектерінің көрмесі өткізіледі.

Конференция туралы ақпараттық мәліметтер мен материалдар Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ресми сайтында орналастырылады:http://www.kaznpu.kz/

Конференция жұмысына қатысу үшін 2016 жылдың 1 наурызына дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық мекен жайына uchkonf_2016@mail.ru ұсыну:

-  қатысу өтініші, ұсынылған форма бойынша (1 - Қосымша);

- баяндама (көлемі 7 бетке дейін), 2 - Қосымшаға сай рәсімделген электрондық нұсқада;

- постерндік мәжіліс пен шебер сыныпқа қатысушылар 2016 жылдың 1 наурызына дейін  сабақтың, семинардың және тәрбиелік іс-шараның үлгісін видеомен және постерін салуы қажет. Ұйымдастыру комитетінің талаптарына сәйкес (3,4-ҚОСЫМША).

- ұйымдастыру жарнасының көлемі - 3000 мың теңгені университет реквизиттерге  салуы тиіс. Аудару барысында «конфренцияға»  деп белгі жасау және өзінің фамилиясы, аты-жөні жазылуы тиіс.

Ұйымдастыру алымын төлеу үшін төлемдік реквизиттер:

АҚША ЖІБЕРУШІ                                ШЖҚ РМК Абай атындағы

                                                                     ҚазҰПУ Кбе 16

ЖСН  600900529562                                 ЖСК KZ 178560000000086696

АЛУШЫ БАНК                АҚ «ЦЕНТР КРЕДИТ БАНК»   Алматы қ.

БИН 031240004969                                   БИК KCJBKZKX                   

 

Конференция жұмысына қатысу үшін материалдар төмендегі мекен-жайға жіберіледі: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазыбек би, 30. Алматы қаласы, ҚР 010005. Тел:  (+7-7272-) 91-58-38).

 

1. Электрондық  мекен-жай: konfped_2016@mail.ru

Байланысушы тұлғалар:

Абдуллаева Гульзира Олжабековна - 87057016042

 Бекмуратова Гульжанар Тогузбаевна - 87012132603

Аксакалова Жанна Кенжебековна - 87071094419

1 Қосымша

 

 «Дуальды-бағдарлық білім беру жағдайында мектеп-колледж-жоғары оқу орны іс-әрекеттерінің интеграциясы» ғалымдар мен мұғалімдердің 1-ші Республикалық жыл сайынғы ғылыми-әдістемелік конференциясына

Қатысу ӨТІНІШІ

1. Баяндамашының Фамилиясы, аты-жөні

 2. Ғылыми дәрежесі, атағы

3. Жұмыс орны, қызметі

4. Телефон, (сот.) факс, е-mail

5.Баяндаманың тақырыбы

6. Секцияның аталуы

7. Қонақүйді брондаудың қажеттілігі

 

2 Қосымша

БАЯНДАМАНЫ ҰСЫНУ ФОРМАСЫ

Формат: А4 (210x297 мм), сурет пен кестені қосқанда. Шрифт: Times New Roman  (КZ Тimes New Roman, Times/Kaz и т.п.) 14 өлшем, 1,0 интервал арқылы, жол барлық жағынан - 20 мм.  Теңестіру - көлденеңінен, абзацтық/ азат жол басындағы бос жер - 1 см, тасымалдауға рұқсат етіледі.

Баяндаманы рәсімдеу үлгісі:

УДК/Ж

Бос жол

БАЯНДАМАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

(Қалың шрифт, жолдың ортасында, сөз тасымалдаусыз)

Бос жол

Автордың  фамилиясы, аты-жөні

Бос жол

Ұйымның, қаланың толық аты

Бос жол

Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін.

Әдебиеттер тізімі (тек мақала үшін)

Графикалық  материал (кесте, графика, формула, сурет)

Ұсынылған материалдар редакцияланбайды және өңделмейді.  Рәсімдеуге қойылатын талаптарға сай келмейтін материалдар қарастырылмайды және авторға қайтарылмайды.

 

3 ҚОСЫМША

Постерді рәсімдеу талаптары. 

Постер - бұл қстендік баяндама немесе мәтін мен графикалық сұлба көмегімен көрсетілетін көрнекі құралдық баяндама.

Көрнекілік үшін келесі ретпен постер мазмұнын рәсімдеу ұсынылады

1. Конференцияның аталуы  - 1-2 жол

2. Баяндаманың тақырыбы  - 1-2 жол

3. Авторлар (Фамилиясы,  мамандығы, аймақ немесе қаласы, жұмыс орны, қызметі, ғылыми  дәрежесі,)  - 1-2 жол

3. Баяндаманың мәні (мәселесі) - текст

4. Иллюстративті материал

5. Қорытынды- нәтиже, қорытында, түжырымда, әдебиеттер көрсеткіші

"Мәселенің мәні" үлгіде көрініс тапқан негізгі міндеттер және оларды шешуде жинақталған,

"ИЛЛЮСТРАТИВТІ МАТЕРИАЛ" МАЗМҰНЫ, кесте, сурет, диаграммадан тұрады. Материал айқын және түсінікті болуы керек.

Сол жақ, жоғары жақ бұрышқа эмблема орналастырылады және конференцияның аталуы, тақырып бөлшегі,  автордың Фамилиясы, аты -жөні; 

Сол, жоғары бұрышқа эмблема және конференцияның тақырыбы, баяндаманың аталуы, автордың аты-жөні және "Мәселенің мәні" бөлінің басталуы.
"Қорытынды " бөлімде оң жақ төменгі бұрышқа орналастырылады.

Постердің "МӘТІНДІК БӨЛІГІ" конфренцияның бір тілінде басылуы тиіс. 

            Постерлік баяндама MS Word (Power point) 97  немесе А1форматпен ең жаңа нұсқада. Әріптер мөлшері төменде көрсетілген.

 

Постер ұйымдастыру комитетіне басылған және PDF форматында жіберілген болуы тиіс.

 Постерлік баяндаманы осы түрде дайындац алмауда оны MS Word (Power point) 97  А4 немесе 6 беттік форматта ретпен жаңа нұсқада жазу Әріптер мөлшері:
* Конференцияның аталуы 36 pt /bold/
* Постер жазылған тілде баяндаманың тақырыбы 30 pt / bold/
* Баяндаманың тақырыбы қалған екі тілде 24 pt
* Авторлардың аты-жөні, ұйым және мемлекет 16 pt
* Үш бөлімнің аталуы 26 pt / bold/
* Постердегі мәтін 22 pt
* Автормен байланысу үшін мәліметтер 16 pt

 

Баяндаманың тақырыбы мен бөлімдер аттары негізгі тілде жазылуы тиіс, қызыл түспен, ал мәтін - қара түспен басылуы тиіс. Иллюстративті материал мүмкіндігінше көптүсті болуы тиіс.

Постерді ұсынуда біздер дайындаған үлгіні сақтауды дайындауда баяндамашыға көмек болады. 

 

 

 

 

 

 

 

4 қосымша

Әдістемелік талдамаларды жинаққа енгізуге ұсыну үшін қойлатын талаптар

Әдістемелік талдама - бұл мұғалімнің, психологтың, оқытушы қызметінің формаларын, құралдарын, әдістерін, қазіргі педагогикалық технологиялардың элементтерін ашатын өнім немесе нақты тақырыпқа қатысты оқытудың және тәрбие берудің технологияларының өзі болып табылады.

Әдістемелік талдамалар сабақ жоспары түрінде, сыныптан тыс іс-шара, сынып сағаты, ата-аналар жиналысы, тренинг, психологиялық коррекция бағдарламалыры, топтық жұмыс және т.б. түрлерде ұсынылуы мүмкін.

Әдістемелік талдама келесідей талаптарға жауап беруі қажет:

  • оқу үрдісін барынша тиімді ұйымдастыру, оқу материалын жеткізу формалары, тұлға дамуының әдістері мен әдістемелік тәсілдердің тиімділігі, қазіргі білім беру технологияларын қолдану жөніндегі ақпараттарды қамту;
  • авторлық әдістемелер оқулықтар мен оқу бағдарламаларының мазмұнын, психология-педагогикалық әдебиеттерде орын алған мәселелерді қайталамуы қажет;
  • материал жүйеленген болуы тиіс;
  • әдістемелік талдаманың тілі нақты, сауатты болуы қажет;
  • мұғалім, педагог-психолог өз жұмысында қолданыла алатын нақты материалдарды қамтуы қажет;
  • қосымшалар мәтінге сәйкес болуы керек (мәтінде оларға сілтеме міндетті түрде жасалуы қажет);
  • теориялық сілтемелерді қажет етпейтін практикалық сипаттағы талдамалардан басқа қолданылған әдебиетке сілтеме міндетті түрде жасалуы қажет.

Әдістемелік талдаманың құрылымы:

1.      Әдістемелік таладаманың тақырыбы, автор туралы мәлімет көрсетілген бастапқы бет.

2.      Мазмұны (әдістемелік талдаудың бөлімдері, парақтардың беті көрсетіледі).

3.      Кіріспе - әдістемелік талдама арналған мәселе ашылып көрсетіледі, тақырыптың өзектілігі негізделеді, мазмұнның ерекшеліктері анықталады.

4.      Негізгі бөлім.

4.1.            Әдістемелік талдаманың сипаттамасы:

  • Мақсаты;
  • Қолданылатын педагогикалық және психологиялық технологиялардың (немесе қойылымдардың) формалары, әдістері көрсетілген жоспар.
  • Дайындалу және жүргізу бойынша берілетін әдістемелік ұсыныстар
  • Материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі.

5.      Қорытынды.

6.      Қолданылған әдебиеттердің және интернет-ресурстардың тізімі.

Құжаттарды дайындауға қойылатын талаптар:

 Әдістемелік талдаманың көлемі - 3,5м.с. Формат: А4 (210х297) суреттер және кестелермен бірге. Шрифт: Times New Roman (KZ TimesNewRoman Times/Kaz және т.б.) 1,0 интервал арқылы 14 мөлшер, барлық жағынан (оң, сол, жоғары, төмен жақтары) - 20мм. Теңестіру - көлденеңінен, абзацтық/ азат жол - 1 см, тасымалдау автоматты түрде, кеңейту doc.

Редакциялық ұжым ұсынылған материалдарды редакциялауға өз құқығын сақтайды. Талаптарға сәйкес келмейтін материалдар қарастырылмайды және авторларға қайтарылмайды.