қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
08.09.2023

Бос лауазымға үміткерді іріктеуге өтінім

 

Бос лауазымның атауы:

Жобалық кеңсе жетекшісі

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

Abai University КеАҚ 2022-2025 жылдарға арналған даму стратегиясының 4.2-тармағы «Абай университеті - педагогикалық зерттеу университеті» орындалуы:

- қызметкерлер арасында зерттеу мәдениетін насихаттау;

- университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін шағын гранттар бағдарламасын енгізу;

- ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметті дамыту саласындағы алқалы орган - Ғылыми-консультативтік кеңестің табысты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

- университет ғалымдарынан түсетін гранттық өтінімдердің ішкі сапасын бақылау жүйесін құру;

- Ғылым онкүндігін ұйымдастыру мен өткізуді бақылау;

- ҚР ҒЖБМ және басқа да ұйымдармен гранттық қаржыландыру бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыру және Қоғамның өз қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми жобалар конкурстарына педагог кадрлардың қатысу жұмыстарын ұйымдастыру;

- профессор-зерттеуші лауазымдарына және постдокторлық бағдарламаның стипендиаттары бойынша конкурстар өткізу;

- университеттің ғылыми іс-шараларына қатысу;

- Жас зерттеушілер кеңесінің жұмысын үйлестіру;

- республиканың ғылыми, білім беру және басқа да ұйымдарымен өзара іс-қимылды дамыту;

- ғылым мен техника саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту; алыс және жақын шетелдердің педагогикалық университеттерімен стратегиялық әріптестікті нығайту.

Негізгі лауазымдық міндеттері:

- зерттеу университетіне трансформациялау мәселелері бойынша Университеттің даму стратегиясын әзірлеуге қатысу;

- университеттің стратегиялық даму жоспарында және ағымдағы жоспарларында, сондай-ақ университет басшылығы мен ғылым департаментінің тапсырмалары бойынша көзделген жұмыстардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;

- Қоғамның ғылым саласындағы қызметін реттейтін нормативтік құжаттаманы дайындау;

- жылдық және перспективалық жоспарлардың жобаларын әзірлеу;

- білім беру институттарының ғылыми жұмысын, ғылыми бөлімшелердің жұмысын үйлестіру;

- ғылыми жобаларды іске асыру және нормативтік бақылау саласында қажетті әдістемелік және нормативтік құжаттаманы әзірлеу;

- ҚР ҒЖБМ, ҚР ҰҒА, ҰМҒТСО сұраныстары бойынша, басшылыққа арналған ғылыми зерттеулер туралы жылдық есептерді, ақпараттық материалдарды дайындауды ұйымдастыру және бақылау;

- ҚР ҒЖБМ, мемлекеттік статистика органдарына есептер мен орындалған жұмыстардың актілерінің уақтылы тапсырылуын қамтамасыз ету;

- ғылыми жобалардың сараптамалық-талдамалық мониторингі.

Іссапарларға шығу:

Қажеттілік бар

Білімі:

Жоғары әлеуметтік-гуманитарлық, заң, экономикалық, техникалық білім, магистр

Талап етілетін кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары)

Кемінде 3 жыл осындай ұқсас лауазымда қызмет атқаруы

Кәсіби құзыреттер:

- Мемлекеттік және орыс тілдерінде жоспарлар құру және есептер дайындау;

- ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу дағдылары;

- ғылыми жобалардың жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру білігі.

Жеке құзыреттер мен қасиеттер:

Бастамашылдық, сыни ойлау, мақсаттылық, коммуникабельділік, командада жұмыс істей білу, келіссөздер жүргізе білу, жаңа жағдайға тез бейімделу қабілеті, жеке мақсаттар мен практикалық қызмет арасындағы тепе-теңдікті сақтау, АКТ-сауаттылық, жауапкершілік.

Тілдерді білуі, мемлекеттік тілді қоса алғанда (меңгеруі тиіс тілдердің тізімі)

Қазақ - еркін

Орыс - еркін

Ағылшын тілі - В2 деңгейінен төмен емес, Upper-Intermediate

Компьютерлік дағдылар:

MS Office (Word, Excel, PowerPoint және т.б.) пакетін еркін меңгеру, жұмыста цифрлық технологиялар мен Internet (ZOOM, Google Drive және т. б.) ресурстарын пайдалану.), сайттармен жұмыс.

Түйіндемені тапсыру мерзімі:

09.09.2023 ж. дейін

Байланысушы тұлға:

hrteam@abaiuniversity.edu.kz

У. Абдигапбарова

ж.т. 8 (727) 291-65-29