«Жасасын ұстаз» TikTok челленджі
Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының Педагогика кафедрасы Ұстаздар мерекесі қарсаңында «Жасасын ұстаз» TikTok челленджін өткізеді.
Челлендждің мақсаты: мамандықты дәріптеу, студенттердің ұстаздыққа деген қызығушылығын арттыру, XXI ғасыр мұғалімі қабілеттерін қалыптастыру.
Өткізу мерзімі: 2023 жылғы 26 қыркүйек пен 9 қазан аралығы.
Челлендж «6В01 - педагогика ғылымдары» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 2 курс бакалаврлары үшін өткізіледі.
Челленджге қатысу үшін мұғалім мамандығына деген құрметіңізді көрсететін және мамандықтың шынайы мәнін ашып көрсететін және ұстаз мәртебесін арттыруға арналған бейнеролик жасау қажет.
Бейнеролик 4 қазанға дейін әлеуметтік желідегі парақшаңызда (TikTok немесе Instagram, YouTube) #Жасасын ұстаз хэштегімен орналастырылуы тиіс.
Бұл өзіңізді көрсетуге және педагог мамандығына ризашылығыңызды білдіруге тамаша мүмкіндік.
Барлық қызығушылық танытушыларды күтеміз!