қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.01.2015

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология институтының Жалпы тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рабиға Сыздықованың 90 жылдық мерейтойына арналған «Өскелең ұрпаққа тағылым» атты әдеби кеш болып өтті. Бұл кешке әдебиет пен ғылымның жанашыры болып жүрген Өмірзақ Айтпайұлы, Әлімхан Жүнісбеков және ҰҒА Тіл білімі институтының директоры Мырзақ Малбақов және университетіміздің профессор-оқытушылары, магистранттары мен студенттері қатысты. Кешті белгілі тележүргізуші журналист Дана Нұржігіт жүргізіп отырды. Р.Сыздықова өзіне осындай құрмет көрсетіп отырған кеш қонақтарына алғысын білдіріп, өзінің осы жасқа дейінгі еңбек жолы мен балалық шағын сағына еске алды. Одан әрі Филология институтының 4 курс студенті Айткәрімов Бауыржан Абайдың «Сегіз аяқ» әнін әуелете орындап, думанды кешті қыздыра түсті. Кеш барысында студенттер мен магистранттар Р.Сыздықоваға көптеген сұрақтар қойып, ой бөлісті. Сондай-ақ Филология институтының жас ақындары Ержанов Алмат, Айткәрімов Бауыржан, Сағидолла Қазыбек Р.Сыздықова апайға арнаған өлеңдерін оқыды. Өзінің шәкірттік ықыласын осылай білдірген жас ақындарға Р.Сыздықова ұстаздық ақ ниетін білдіріп, таңдамалы еңбектері жинақталған кітабын тарту етті.
Сонымен қатар университет ректор Аппаратының жетекшісі профессор Б.Ө.Сманов сөз алып, тоқсанның тұғырына шығып отырған академик Р.Сыздықоваға мерекесімен құттықтап, «Үздік ұстаз» медалін табыстап, иығына шапан жапты.
Филология институтының директоры профессор Б.Әбдіғазиұлы және осы кешті ұйымдастырушы Жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д. Қ.Есенова құттықтау сөздерін айтып, сый-құрметтерін жасады.
Кеш соңында бүгінгі кештің құрметті қонағы Р.Сыздықова оындай кеш ұйымдастырып қуанышына ортақ болып жатқан университет ұжымына алғысын білдірді.