қазақша · русский · english
   

 

«Ғылым декадасы - 2018»

 

2018 жылдың 6 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Ботаника және жалпы биология» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Ғылым декадасы - 2018» аясында «Қазақстан Республикасында биологиялық алуан түрлілікті сақтау және тиімді пайдалану мәселесі» жөнінде дәріс оқылды.

 

«Ботаника және фитоинтродукция институтының» бас директоры, ЖҒҰА-ның академигі Гүлнар Ситпаева дәріс оқу барысында биологиялық алуантүрлілікті сақтау және тиімді пайдалану мәселесі жөнінде және еліміздің тәуелсіздік алған 25 жылда қабылдаған, қол қойылған халықаралық заңдарға да тоқталып, олардың биологиялық алуантүрлілікті қорғауда маңыздылығына тоқталды. Қазақстан аумағында жабайы өсетін өсімдіктердің жүзден астам түрлері шаруашылықта құнды бағалы өсімдіктер, сондықтан олардың биологиялық әртүрлілігін сақтау және ұтымды пайдалану қазіргі таңда басымдық маңызға ие. Пайдалы өсімдіктердің түрлерінің ішінде әлеуметтік-экономикалық маңызды топтардың саны бойынша алдында дәрілік өсімдіктер (1400 түр), мал-азықтық (1028 түр) және тағамдық (500-дей түр). Қазіргі таңда «Қазақстан өсімдіктері әлемінің заңы» дайындалған, бірақ ол әлі қабылданған жоқ. Осы заңды тездетіп қабылдау керек, себебі барлық орман қорынан тыс жерлерде өсетін өсімдіктерді қорғайтын және тиімді пайдаланатын заңнамалық негіздер қарастырылмаған.

 

       

 

       

 

       

 

       

 

       

 

«90 жыл - 90 тағдыр» мерекелік іс - шара

 

2017 жылдың 4 желтоқсаны күні Университеттің 90 жыл толуына байланысты Жаратылыстану және география институтында «90 жыл - 90 тағдыр» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Іс- шара ботаника және жалпы биология кафедрасының аға оқытушысы Раушан Джунусова және 3 курс ғылыми биология мамандығының студенттерінің, студенттік өзін - өзі басқару кеңесінің ұйымдастыруымен өтті. Мерекелік кеште алғы сөзді Жаратылыстану және география институтының тәрбие жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов алып, тілек - лебізін білдіріп өтті. Іс - шарада университет түлектері, анатомия, физиология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының профессоры Исатай Төленбек, ботаника және жалпы биология кафедрасының профессоры Дина Айдарбаева сөз сөйлеп, өз еңбек жолы, қызметі жөнінде және ақыл - кеңестерімен бөлісті. Одан әрі университет жөнінде арнайы даярланған бейнежазба көрсетілді. Әсем ән айтылып, күмбірлеген күй тартылды. Сонымен қатар қызықты ойын түрлері ойнатылып, сыйлықтар табыс етілді. Мерекелік кеш жоғары деңгейде өтті.

 

  

 

  

 

  

 

31 қазан - 2 қараша  аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ және «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен  «Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында жаратылыстану - ғылыми білім және тәрбие беру» атты биология пәні мұғалімдеріне арналған республикалық оқу семинарына ботаника және жалпы биология кафедрасынан аға оқытушы Р.Ж. Жүнісова «Генетикадан есептерді шығару әдістері» тақырыбында қазақ және орыс тілінде дәріс оқыды

 

 

 

Семинар бағдарламасы

 

 

 

Сабақ жүргізу сәті

 

2017 жылы 05-07 сәуір аралығында 5В011300-Биология мамандығы бойынша Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтында өткен Биология пәнінен Республикалық студенттік олимпиадада Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 5В011300-Биология мамандығының 2,3,4 курс студенттерінен құралған «Алатау» командасы жүлдегер болып танылды. Жалпы командалық есеп бойынша 2 орын иеленді.
 Команда мүшелері:
Әбілтаева Асем- 4 курс cтуденті
Жантореева Гулжанат- 3 курс студенті
Байбол Лаула - 2 курс студенті

Команда жетекшісі - ботаника және жалпы биология кафедрасының доценті б.ғ.к., Мусаев Қуандық Лебекұлы.

 

 

 

 

 

Құттықтаймыз!

Ботаника және жалпы биология кафедрасының ұжымы Шілдебаев Жұмаділ Байділдаұлын, Мынбаева Бахыт Насырқызын, Исабеков Бейбіт Манапұлын алған марапаттарымен шын жүректен құттықтайды!

1) Қазақстан Республикасының Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығы бойынша Шілдебаев Жұмаділ Байділдаұлы «Қазақстан Республикасының Тәуелсізгіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

2) Мынбаевва Бахыт Насырқызын Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі мамандар даярлау саласындағы көп жылғы абыройлы еңбегі үшін «ҚҰРМЕТ ҚЫЗМЕТКЕР» төс белгісімен марапатталады.

 

3) Исабеков Бейбіт Манапұлына университет ректоры және қызметкерлер кәсіподақ ұйымының атынан Сарыағаш ауданында орналасқан «Ақ-бұлақ» шипажайына 10 күндік демалысқа жолдама берілді.

 

КАФЕДРАНЫҢ КЕШЕНДІ ЖӘНЕ КҮНТІЗБЕЛІК ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

 

      Жаратылыстану және география институты Қазақстан географиясы және экология кафедрасы 6D011600 - География мамандығының 2 курс PhD докторанты Салбырова Макпал Токтарбеккызы Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті география факультетінің географияны оқыту әдістемесі кафедрасында 05.03.2017 ж. - 20.03.2017 ж. аралығында ғылыми тағылымдамадан өтті.
05.03.2017 ж. - 20.03.2017 ж. аралығында өткен ғылыми тағылымда кезінде п.ғ.д., профессор Е.А. Таможня, п.ғ.к., доцент Е.А. Беловолова, п.ғ.к., доцент А.А. Летягин сияқты кафедраның жетекші оқытушыларының дәрістері мен семинар сабақтарына қатысты.
МПМУ 2017 ғылыми сессиясы мен ғылыми - әдістемелік семинарларға қатысты. Шетелдік ғылыми кеңесші п.ғ.д., профессор Е.А. Таможнямен өткізілген кеңесу іс-шаралары барысында элективтік курстарды құру процессінің негізгі әдіснамалық жолдары анықталды.
Шетел ғалымдарының еңбектерін талдау ғылыми компоненттерді бөліп алуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, өз бетінше МПМУ-і мен Ленин атындағы Ресей мемлекеттік кітапханаларының ғылыми қорларымен, сондай ақ, кафедраның оқу-әдістемелік кабинетінде жұмыс жасалды.
Ғылыми тағылымдама кезінде шетелдік ғылыми кеңесші п.ғ.д., профессор Е.А. Таможнямен бірлесе отырып Ресей басылымдарына мақала дайындалды.

 

Кафедраның мектеп, лицей және колледждермен қарым-қатынасы туралы мәлімет

Наименование учебного заведения, Ф.И.О., должность партнеров

Вид сотрудничества

Проведенные мероприятия

(место и сроки)

1

Алматы обл., Панфилов ауданы, А. Розыбакиев атындағы орта мектеп

Директор: Толыбаева Ж.Т.

 

 

 

 

 

Кәсіби-бағдар

22.04.2016 ж.

2

Алматы обл., Райымбек ауданы, Тұйық ауылы, Тұйық орта мектебі

03.03.2016 ж.

3

Алматы обл., Ұйғыр ауданы, Қырғызсай орта мектебі

18.05.2016 ж.

4

Алматы обл., Сарқан ауданы, Ақын Сара атындағы орта мектеп

28.05.2016 ж

 

2016 ж.Қазақстан бойынша ғылыми тәжірибелік іс-сарапларға, конференцияларға қатысқан магистранттар, докторанттар және профессор-оқытушылар құрамы

Ф.И.О.

 

Ученое звание должность

Место и срок командировки

Цель командировки

Источник финансирования

1

Чилдибаев Ж.Б.

д.п.н., профессор

г. Кызылорда, Кызылординский Государственный Университет имени Коркыт ата

15.06.-30.06.2016 г

Председатель ГАК

Кызылординский Государственный Университет имени Коркыт ата

 

2

Чилдибаев Ж.Б.

д.п.н., профессор

г. Астана  Евразийский национальный университет имени Л. Н. Гумилёва

26.10. - 30.10.2016

Рецензент

PhD докторанта

Евразийский национальный университет имени Л. Н. Гумилёва

3

Чилдибаев Ж.Б.

д.п.н., профессор

г. Астана 

II Евразийская международная книжная выставка

Типография «Фолиант»

Автор учебника

КазНПУ им. Абая

4.

Айдарбаева Д.К.

д.б.н., профессор

г.Талдыкорган, ЖГУ им. Ильяса Жансугурова.

1.04.-20.04.2016

Академ. мобильность

ЖГУ им. Ильяса Жансугурова.

5

Бухарбаева Жанат

ст. преподаватель, магистр биологии

г. Караганда     Карагандинский государственный университет имени Е. А. Букетова

Повышение квалификации «Интенсивное обучение английскому язык»

МОНРК

6

Атыраубаева Роза

ст. преподаватель  

г. Караганда     Карагандинский государственный университет имени Е. А. Букетова

Повышение квалификации «Интенсивное обучение английскому язык»

МОНРК

7

Майматаева Асия Дуйсенгалиевна

PhD  докторант

2 года обучения

г. Караганда     Карагандинский государственный университет имени Е. А. Букетова

Повышение квалификации «Интенсивное обучение английскому язык»

МОНРК

8

Ермекбаева Акбопе Тонтаевна

PhD  докторант

3 года обучения

г.Павлодар,

27.01.16-

30.01.16

Участие в научно-практической конференции «Қазіргі әлемдегі этно- мәдени білім беру мәселелері мен перспективалары»

За свой счет

 

 

 

 

Ботаника және жалпы биология  кафедрасында өткізілетін пәндер биология саласы бойынша маман дайындауда негізгі пәндер болып саналады. Сондықтан 1928 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-де ботаника кафедрасының құрылуы кездейсоқ жағдай емес.

Ботаника және жалпы биология кафедрасын әр жылдары мынандай белгілі ғалым-педагогтар басқарды: проф. Захваткин В.А., проф. Барышников И.А., проф. Бардаков П.П., проф. Кацнельсон, проф. Бартенов А.А., проф. Мусакулов Т.М., проф. Агелеуов, проф. Суворов Н.И., проф. Глиняный Е.К., проф. Загриценко П.Р. Аталған атаулармен зоология, ботаника және генетиканың дамып қалыптасуы байланысты. Кафедраның қалыптасуында маңызды роль атқарған белгілі ғалым-зоолог және экологтардың еңбектері: профессорлар Исмагилов М.И., Скалон В.Н. Кафедрада талантты оқытушылар Ибраева Г.Б., Жакупова Н.У., Рахимбекова А.И., Дөненбаева К.А., Иманкулова С.К. және т.б.  Қазіргі кезде ботаника және жалпы биология кафедрасын іскер ұйымдастырушы профессор Иманкулова С.К. басқарып отыр.

Ботаника және жалпы биология кафедрасының биолог мамандары келесідей мамандықтар бойынша: «Биология», «Химия-биология» дайындайды. Оқылатын пәндердің тізімі және құрастырылған оқу-жоспары, типтік және жұмыс бағдарламасында көрсетілген.  «Биология» мамандығы бойынша білімін әрі қарай жалғастыруға ынталы бітіруші студенттер магистратураға түсу мүмкіншіліктері бар (оқу мерзімі - 2жыл). Оқыту қазақ және  орыс тілінде жүреді.

Студенттерге теориялық дайындықпен қатар ботаникалық және жалпы биологиялық бағыттарда белсенді жұмыс тәжірибелі профессорлар және доценттердің жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға жағдай жасалған.

 

КАФЕДРАНЫҢ КЕШЕНДІ ЖӘНЕ КҮНТІЗБЕЛІК ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ