|
| |
Қылмыстық құқықтық пәндер қафедрасы
2011 жылға дейін екі кафедра жұмыс істеді:
1) Криминалистика және сот сараптамасы кафедрасы; 2) қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасы. Қайта құру нәтижесінде бұл екі кафедра 2011 жылдың қыркүйек айында «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасы болып біріктірілді. Қазіргі уақытта кафедрада 11 оқытушы жұмыс істейді. Кафедра Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы және Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы пәндері бойынша мемлекеттік аттестацияны (МАК) жүзеге асырады; сонымен қатар қылмыстық құқық және қылмыстық сот өндірісі мамандықтары бойынша бітіруші курс студенттерінің кәсіби тәжірибесіне жетекшілік етеді. Кафедрада келесі пәндер оқытылады: 1. ҚР Қылмыстық құқығы 2. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы 3. Қылмыстық процестегі адам құқығын қорғау институты 4. Қылмыстық іс жүргізу құжаттарын құрастыруы 5. Криминология 6. ҚР қылмыстық-атқару құқығы 7. Адвокатура 8. ҚР Прокурорлық қадағалау 9. Прокуротуралық жауап акты 10. Криминалистика 11. Заманауи криминалистика оқулары 12. Сот сараптамасы 13. Соттық сараптаманың әдістемесі 14. Дәлелдеме теориясы 15. Жедел-іздестіру қызметінің негіздері 16. Құқықтық статистика негіздері 17. Заң психологиясы 18. Заңгердің кәсіби әдебі 19. Соттық риторика 20. Жеке адамға қарсы қылмыстар 21. Соттық медицина және психиатрия 22. Дәлелдеме теориясы әдістемесінің қазіргі мәселелері 23. Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізудің ерекшелігі 24. ҚР Құқық қорғау органдары 25. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім 26. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама 27. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын тексеру ерекшеліктері 28. Соттың бақылауы: ұлттық құқықтың қазіргі концепциясы Аталған пәндерде оқытуда кафедра оқытушылары әзірлеген оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар, альбомды сызбалары қолданылады.
|