қазақша · русский · english
   
Экономика және бизнес кафедрасы
 Иманбердиев Борасын Джакипбаевич
Кафедра меңгерушісі
Э.ғ.д., профессор Ресей Жаратылыстану академиясының академигі
№8 Оқу корпусы, 104 кабинет
  +7(727)392-22-01

 

 

«Қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасы 2012 жылы «Қаржы» және «Есеп және аудит» кафедраларының бірігуімен құрылды.
«Қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасы әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Құқық және экономика институтының негізгі құрылымдық оқу-ғылыми бөлімшесінің бірі болып табылады. Кафедра өз қызметтерін ҚР заңдылықтарымен, Университет Жарғысымен, ішкі тәртіп Ережелерімен, кафедра туралы ережелермен, сапа менеджменті жүйесінің процедурасымен және жетекшілігімен, сондай-ақ басқа да ішкі нормативтік құжаттар негізінде жүргізеді.
«Қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасы мамандарды бакалавриаттың келесідей бағыттары бойынша дайындайды: «5В050900 - Қаржы» және «5В050800 - Есеп және аудит». Кафедраның мақсаты - стратегиялық, творчествалық ойлау қабілеті бар,өзінің интеллектуалды және ғылыми - зерттеу әлуетін дамыта алатын, сондай - ақ әлемдік және отандық нарық талаптарына жауап беретін жоғары білікті мамандарды даярлау. Студенттерге дәріс беру қаржы, бухгалтерлік есеп пен аудит, статистика, қаржылық менеджмент, сондай - ақ, экономиканың барлық салалары бойынша жан -жақты ілімдерді қалыптастыратын жалпы білім беру, базалық және кәсіптендіру пәндерін тереңінен оқытуға бағытталған.
Кафедрадағы оқу үрдісінің негізгі мақсаттары келесідей:
• Отандық және халықаралық білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес мамандар дайындаудың жоғары сапасымен қамтамасыз ету;
• Оқу үрдісіне студенттерді дамытуға септігін тигізетін жаңа ақпараттық және педагогикалық технологияларды, оқытудың басымды әдістерін енгізу;
• Мамандық түлектерінің еңбек нарығындағы бәсекеқабілеттілігін арттыру;
• Түлектерді даярлаудың кәсіби талаптарына сәйкес студенттерге қажетті білім беру мен оқыту сапасын арттыру үшін профессор - оқытушылар құрамының жауапкершілік деңгейін арттыру;
• Тәжірибеге жаңа ақпараттық білім беру жүйесін, білім беру саласына инновациялық технологияларды енгізу;
• Оқу - материалдық базаны жетілдіру.
Кафедра оқу, ғылыми және зерттеу мәселелерін тиімді шеше алатын жоғары кәсіби профессор - оқытушылар құрамына ие. Кафедрада ғылыми және педагогикалық қызмет бойынша еңбек өтілі жоғары, тәжірибелі оқытушылар қызмет етеді: 2 экономика ғылымының докторы, 6 экономика ғылымының кандидаты, 1 аға оқытушы және 2 магистр.
Оқу үрдісінде Internet желісіне қосылған заманауи компьютер кластары қолданылады. Сондай - ақ, дыбыстық және видеопроекторлық құралмен жабдықталған, мультимедиялық технологияларды пайдалану арқылы кез-келген презентациялық материалдарды көрсетуге арналған интерактивті тақта орнатылған аудиториялар да бар.
Кафедра оқулықтарды, оқу - әдістемелік құралдарды, монографияларды шығару мен ҚР БҒМ қаржыланатын іргелі ғылыми зерттеулерге қатысу арқылы ғылыми - зерттеу жұмысын белсенді түрде жүзеге асырады.
Студенттердің жан - жақты дамуына үлкен назар аударылады. Біздің студенттер университеттің қоғамдық, мәдени және рухани өміріне белсене қатысады.
Кафедра түлектері кең ауқымды мамандық иесі болып табылады, олар банк саласы мен салық комитеттерінде, сақтандыру компаниялары мен зейнетақы нарығында, мемлекеттік мекемелерде, бухгалтериялар мен аудиторлық ұйымдарда, сондай ақ экономиканың кез келген салаларында еңбек етуге мүмкіндік алады.