Негізгі бет
Жаңалықтар
23.01.2019 Жастар жылының ашылуын тікелей эфирден тамашалады
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатынның өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауында: «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек»,- дей келе 2019 жыл Жастар жылы деп жариялаланатынын мәлімдеген болатын.
23 қаңтарда Астанада ЭКСПО көрме кешенінде Қазақстандағы «Жастар жылының» ашылуына арналған форум өтті. Форумда «Жастар жылы» ашық деп жарияланды. Салтанатты шараға Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев және үкімет өкілдері, белгілі жастар қатысты.
Форумда түрлі салада қызмет ететін және білім алып жатқан жастар сөз сөйледі. Олар өз салаларында жеткен жетістіктерін баяндап, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «жастардың жетістікке жетіп, елге қызмет етуіне мүмкіндіктер жасағаны үшін» алғысын білдірді. Ал өз кезегінде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ел жастарының алдында тұрған маңызды міндеттер туралы сөз сөйледі.
Салтанатты форумның барысын бүкіл Қазақстандықтар сияқты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары мен студенттері де тікелей эфир арқылы тыңдап, ой бөлісті. Университет ректоры, профессор Такир Балықбаев оқу орнында биыл Жастар жылын жоғары деңгейде өткізу және оған дайындық барысы туралы өз ойларын ортаға салды. Студенттер болса Жастар жылына арналған іс-шараларға белсене қатысып, мемлекет қамқорлығына жақсы оқуларымен жауап беретінін айтты.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім
|