қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Дүйсенбайқызы Айтолқын

Дүйсенбайқызы Айтолқын

 

Қысқаша өмірбаяны

Дүйсенбайқызы Айтолқын 1995 жылы 4 қаңтарда Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жанама ауылында туған. Ұлты-қазақ. 2012 жылы Жанама қазақ орта мектебін үздік бітірген.

2012 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне "5В020300-Тарих" мамандығы бойынша оқуға түсті. Оқу кезінде факультеттің, университеттің студенттік өміріне белсенді қатысты. Студент кезінде республикалық пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. 2016 жылы университетті қызыл дипломмен бітіріп, бакалавр дәрежесін иеленді.

2016 жылы университеттің магистратура бөліміне "6М050100-Әлеуметтану" мамандығы бойынша оқуға түскен. Оқуда үздік көрсетіп қана қоймай, институттың, университеттің қоғамдық өмірінде белсенділік танытты. 2017 жылы осы көрсеткіштері үшін республикалық конкурсқа қатысып,  10 үздік білім аулашының қатарына кіріп,  "Назарбаев стипендиясы" иегері атанды,   2018 жылы магистратураны бітіріп, әлеуметтік ғылымдар магистрі ғылыми дәрежесін алды.

2017 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-де, Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасында аға-лаборант қызметін атқарды. 2020 жылдан бастап "Әлем тарихы" кафедрасының оқытушы қызметін атқарды. 2022 жылдан бастап академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы қызметін атқарып келеді.

 

БІЛІМІ

Білім мекемесі

Квалификация

Бітіру уақыты

Абай атындағы ҚазҰПУ

Гуманитарлық білім бакалавры

2016 ж.

Абай атындағы ҚазҰПУ

Әлеуметтік ғылымдар магистрі

2018 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Академиялық дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген уақыты

Магистр

Әлеуметтік ғылымдар

2018 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Қазақстан тарихы
Ежелгі Қазақстан тарихы
Қазақ диаспорасының тарихы
Тарихты цифрландыру
Тарих бойынша цифрлық контенттерді құру


ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

1. Қазақ ұлысының қалыптасуының кейбір мәселелері // Философия ғылымдарының Докторы, профессор ХЖМ ҒА және ҚӘҒА академигі Қ.Ш.Шүлембаевты еске алуға арналған «Қазіргі қоғамдағы дін болмысының философиялық және әлеуметтік-гуманитарлық мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. - Алматы, 2017. - 245-248 бб.

2. Қазақ жүздерінің қалыптасуының кейбір мәселелері // ҚазҰПУ «Хабаршы». «Әлеуметтану және саяси ғылымдар» сериясы. - Алматы. - 2017, №2(58). - 121-124 бб.

3. Қазақстан Республикасындағы миграциялық процестердің әлеуметтанулық арналары //. ҚазҰПУ «Хабаршы». «Әлеуметтану және саяси ғылымдар» сериясы. - Алматы. -2018, №1(61).

4. Шәкәрім философиясының қазіргі замандағы танымдық құндылықтары // ҚазҰПУ «Хабаршы». «Қазіргі заман: пікірлер әлемі философия альманахы. «Философия ғылымдары» сериясы. - Алматы. - 2020, № 3-4 (79-80). - 27-29 бб.

5. «Толық адам» ұғымының тағлымдық мазмұны // «Қазіргі замандағы Абай» республикалық дөңгелек үстел материалдар жинағы. - Алматы, 2022 жыл. - 286-303 бб.

6. Ақтөбе облысында босқындарды шаруашылықтық орналастырудың кейбір мәселелері // «Қазақстан тарихы: қазіргі зерттеулердегі тың деректер мен пайымдаулар» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Алматы, 2022. - 214-220 бб.

 

ЖЕТІСТІКТЕРІ

1. 2015 - 2016 оқу жылының оқу жетістіктерінің сырттай бағалау нәтижесі бойынша, 2016 жыл. №2174734, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директоры

2. «Назарбаев стипендиясы» оқуда үздік көрсеткіштері, ғылыми-зерттеу жұмысындағы жоғары жетістіктері мен белсенді қоғамдық қызметі үшін. Қазақстан Республикасының Президенті, Астана, 2017 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


← Кері оралу