қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Смағұлова Светлана Одепқызы

Смағұлова Светлана Одепқызы

 

Қысқаша өмірбаяны

Тарих ғылымдарының докторы.  1968 ж. 4 қыркүйекте бұрынғы Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) облысы, Ақсуат ауданының Көкжыра селосында дүниеге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің тарих факультетіне түсіп, оны 1993 ж.үздік дипломмен аяқтаған. 1993 жылдан Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында аға лаборант, осы жылдың қарашасынанкіші ғылыми қызметкер, 2001 ж. ғылыми қызметкер, 2003 жылдан бастап аға ғылыми қызметкері, 2011 ж. бас ғылыми қызметкер. 2012-2017 жылдар аралығында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының ұйымдастыру және коммерциялық мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

1999 ж. «Ұлттық интеллигенция және ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы аграрлық мәселе» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 2004 ж. доцент ғылыми дәрежесін алды. 2006-2009 жж. аралығында  институттың докторантурасында оқыды. 2010 ж. 26 наурызында «ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ тіліндегі мерзімді баспасөздері: шығу тарихы мен деректік маңызы» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

2004-2010 жж. аралығында «Арыс» қорының жанындағы қуғын-сүргінге ұшыраған Қазақ интеллигенция тарихын «Алаш» орталығын басқарды. 2010 ж. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының диссертациялық кеңесінің мүшесі болды. Бірнеше жылдар әл-Фараби ат. ҚазҰУ-де, Абай ат. ҚазҰПУ-да, ҚазМемҚызПУ-да, ҚазҰАУ-да дәріс берді.  «Әділет» ағарту қоғамының мүшесі.

2020-2021 жж. ҚР Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасында жұмыс істеген. 2021-2022 ж. ҚР Орталық мемлекеттік архивінің «Әлеуетті зерттеулер орталығының» меңгерушісі. 2022-2023 жж. А. Байтұрсынұлы музей-үйінің бас ғылыми қызметкері қызметін атқарды. 2023 ж. бастап Абай атындағы Қазақ Қлттық педагогикалық университетінің доценті.

450-дей ғылыми мақалалар мен 7 монографиялық кітаптың, 40-тан астам ғылыми жинақтың, жоғары оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу-әдістемелік бағдарламалар мен дидактикалық оқу құралдарының авторы. 

 

БІЛІМІ

Білім мекемесі

Квалификация

Бітіру уақыты

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ

Тарихшы, қоғам тану пәнінің оқытушысы

1993 ж.

Ш. Уәлиханов институтының докторантурасы

докторант

2009 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Тарих ғылымдарының докторы

гуманитарлық ғылым

2010 ж.

Доцент

associate professor

2004 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Қазақстан тарихы

Ежелгі Қазақстан тарихы

Қазақ диаспорасының тарихы

Тарихи текстология тұрғысынан архивтік құжаттар

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Монография:

1.Смағұлова С. Ашаршылық қасіреті. 1-кітап. - Ақтөбе,  2019. - 272 б.

2.Смағұлова С. Смағұлова С. Ұлы дала тұлғалары / Қазақ ойшылдары: Ғылыми-танымдық 4-кітап.  - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, «Ұлағат» баспасы, 2020. - 236 б.

3.Смағұлова С. . Ұлы дала тұлғалары / Қазақ зиялылары: Ғылыми-танымдық 5-кітап.  - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, «Ұлағат» баспасы, 2020. - 270 б. 

4. Смағұлова С. Кемел Тоқаев: өмір өнегесі. - Астана, 2023. - 276 б. (қазақ, орыс тілдерінде)

Жинақтар:

1.Ұлы дала тұлғалары: Анықтамалық көрсеткіш/ Құрастырушы». - Алматы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Ұлағат»  баспасы, 2019. - 226 б.

2.Бекмаханов Ермахан Бекмаханұлы: [Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ермахан Бекмахановқа арналады] / Құраст.: С.О. Смағұлова, Н.К. Дүйсенова, С.И. Игілікова, Т.  Библиогр. ред.: С.О. Смағұлова, С.И. Игілікова. Т.В. Вдовухина.  - Алматы: «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы, 2020. - 360 б.

3.Жандосов Ораз Қиқымұлы: [Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт мәдениетінің жанашыры Ораз Жандосовқа арналады] /Құраст.: С.О. Смағұлова, Р.Е. Оразов. Библлиогр. ред.: - Алматы: «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы, 2020. - 224 б.

4.Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Документальная хроника. Сб. док. Т.5.: 1928-1929 /Отв.редактор Е.Сыдыков. - Алматы,2023. - 496 с.(составитель).  

5.Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Документальная хроника. Сб. док. Т.5.: 1928-1929 /Отв.редактор Е.Сыдыков. - Алматы, 2023. - 566 с.(құрастырушы).  

6.Ұзақбай Құлымбетов - қазақ билігінің ақсақалы: ғылыми зерттеулер, естеліктер және ғұмырнамалық хикаят. Құраст.: Х.Әбжанов, С.Смағұлова, З.Төленова. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2022. - 30 б.т.(баспада).

7.Тоқаев Кемел Тоқаұлы: [Көрнекті қаламгер, қоғам қайраткері Кемел Тоқаев мұрасы]. Шығармалар жинағы. 1-кітап. /Құраст.: Е.Б. Сыдықов, С.О. Смағұлова, Е.Е. Сайлаубай. - Астана, 2023. - 390 б.

8.Тоқаев Кемел Тоқаұлы: [Көрнекті қаламгер, қоғам қайраткері Кемел Тоқаев мұрасы]. Шығармалар жинағы. 2-кітап. /Құраст.: Е.Б. Сыдықов, С.О. Смағұлова, Е.Е. Сайлаубай. - Астана, 2023. - 406 б.

9.Кемел Тоқаев туралы замандастар толғамы [Көрнекті қаламгер, қоғам қайраткері Кемел Тоқаевқа арналады]. Мақалалар мен естеліктер жинағы /Құраст.: Е.Б. Сыдықов, С.О. Смағұлова,Е.Е. Сайлаубай. - Астана, 2023. - 372 б.

Скопус

1. Смагулова С. Кризис ханской власти в Младшем жузе казахов // Былые годы. - 2023. - №18. (Скопус совместно с Избасаровой Г.). https: bg.cherkasgu.press.

ККСОН журналына жарияланған

мақалалар:

1. Смағұлова С. Абай шығармаларының бағалануы // Абай атын. Ұлттық университетінің хабаршысы. - 2020. - №1. - 474-480 -бб. 

2. Смағұлова С. Мағжан Жұмабаев және Алаш партиясы // Қазақ тарихы. - 2020. - №1. - 51-55-бб. 

3.  Смағұлова С.  Зобалаң құрбаны (Мәннан Тұрғанбаев хақында) // Қазақ тарихы. - 2020. - №6.

4. Смағұлова С. Е.Бекмаханов еңбектеріндегі Абайдың тарихи тұлғасы // Абай атын. Ұлттық университетінің хабаршысы. - 2020. - №2. 425-432-бб.

5. Мерзімді баспасөздегі Сталиндік қуғын-сүргін (ХХ ғ.20-30 жж. мерзімді баспасөз материалдары негізінде) // Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилнва.  - 2021. - №2. - 79-90-бб.

6. Смағұлова С., Бегімова М. «Орталық кітапхана қорындағы Абай мұралары». // АГУ хабаршысы - 2021. - №1(68)

7. Смағұлова С. Қуғындалған ырғыздықтар (Г. Избасаровамен бірлесе) // Л. Гумилев атын.Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. - 2023. - N1. - 93-107-бб. (ККСОН).

Мақалалар

8.  «Кіші жүздің кенже биі» атанған Былшық би жайында // Заңгер. - 2019. - №3. 80-83-бб.

9. Ұлт зиялыларының баспа ісіндегі рөлі және оқулықтары // «Қазақ кітабы: Алаш қайраткерлерінің кітап басу ісінің дамуына қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдыры. - Алматы, 2019. - 31-35-бб.

10. Қазақ жеріндегі үш ірі ашаршылық // «Жұбанов университеті» газеті. 2019. - 28  маусым. 11-12-бб.№6 (438).

11. Смагулова С.М. Мәшімбаев зерттеулерінің тарихи маңызы // «Ресей империясының Орталық Азия саясат және рухани өмірі» атты Халықаралық ғылыми конференциясының материалы. - Алматы: «Қазақ университеті», 2019. 153-157-бб.

12. Туленов А.К., Смагулова С.О. ҚРПА БКП (б) Қазақ өлкелік партия комитеті 141-қорының деректік маңызы // «Ресей империясының Орталық Азия саясат және рухани өмірі» атты Халықаралық ғылыми конференциясының материалы. - Алматы: «Қазақ университеті», 2019. 258-262-бб.

13. Смағұлова С. Тұрардың хаты // Жас қазақ. - 2019. - 20 желтоксан. - №51 (779).

14. Смағұлова С. Қазақтың алғашқы адвокаты  // Жас қазақ. - 2019. - 27 желтоксан. - №52 (780).

15. Smagulova S. Post-sovyet doneminde Rfzfristan tarihinin yeniden yazilmasi || SEMPOZYUM BILDIRI TAM METINLER KITABI SYMPOSIUM PROCEEDINGS. II.Uluslararsi turk halklarinin felsefi mirasi sempozyumu (24-26 Ekim 2019, Kirsehir, TURKIYE). - Kirsehir, 2019. р. 315-329.

16. Смағұлова С. Латын әліпбиі және Ораз Жандосов // Жандосов Ораз Қиқымұлы: [Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт мәдениетінің жанашыры Ораз Жандосовқа арналады] /Құраст.: С.О. Смағұлова, Р.Е. Оразов. Библлиогр. ред.: - Алматы: «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы, 2019. - 224 б. 20-25-бб.

17. Смағұлова С. Әліпби реформасы: тәжірибе мен басылымдықтары хақында // https://adyrna.kz/post/35066 14.04.2020.

18. Смағұлова С. Алаштану орталығы жанданды // https://www.facebook.com/profile.php?id 17.04.202

19. Алаш ардақтылары аз ба? // Алматы ақшамы. 2020. 23 сәуір.  №46(5865).

20. Е. Бекмаханов және Абай // Массагет сайты. https://massaget.kz/layfstayl/bilim/61977/ 02.05.2020.

21. Смағұлова С.  59-баппен жазаланғандар қашан ақталады? // Жас қазақ. - 2020. - 5 маусым. - №20 (800).

22. Смағұлова С.  Отты жылдардағы әскери басылымдар // 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.): тарих ғылымындағы тәжірибе мен тағылым» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдар жинағы. Орал, 2020. 23-28-бб.

23. Смагулова С.О. Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек //Кітап патшалығы.- 2021. -  №1

24. Смагулова С., Бегімова М. «Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет» бөлімінің қалыптасуы мен қызметі // Қазақстан тарихы. - 2021. - №5

25. Смагулова С. Құпия. Ашаршылық. Американың көмегі. (Дөңгелек үстелдегі сөзі) //Дидар. - 2021. - №64

26. Смағұлова С. Әлихан Бөкейхан және саяси қуғын-сүргін // Әлихан Бөкейхан және Алаш мұрасы: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Алматы: Қазақ университеті, 2022. - 238 б. 123-144-бб.

27. Смағұлова С. Зерттелінбей жатқан Алаш қайраткерлері жетерлік // https://e-history.kz/kz/news/show/33413/

28. Саратовта оқыған қазақтар (Р. Оразовпен бірлесе) // Егемен Қазақстан. - 2022. - 30 қараша. - №229 (30458).

29. Смағұлова С.Әуезов неге қудаланды? // «Адырна» ұлттық порталы. 25.10.2022. https://adyrna.kz/post/135011

30. Смағұлова С.Мұхтар Әуезов қалай қуғындалды? // Ана тілі. - 2022. - 22 қазан - 2 қазан. - №43 (1667).

31. Смағұлова С. А.Байтұрсынұлының саясаткерлігі // «Ахмет Байтұрсынұлы - ұлт ұстазы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Алматы: Баянжүрек, 2022. - 524 б. - 117-124-бб. 

32. Смағұлова С.  Оянған сана үні («Қазақ»газеті һақында) // Ақиқат. - 2023. - №3. -74-80 бб. https://aqiqat.kazgazeta.kz/news/11945

33. Smagulova.S. Ahmet Bfytursinulive «Gazag» gazetesi // Ttіmrin. - 2023. - №129. - 35-39-р.

34. Смағұлова С. Советтік гегемония. Жоқ, ұмытуға болмайды (сұхбат) // Қазақ әдебиеті. -2023. - 26 мамыр. 

35.  Смағұлова С.  Қазақ жеріндегі ашаршылықты тоқтату туралы хаттар жоғары жаққа жетпей, қолды болып отырған // https://www.inform.kz/kz/kazak-zherindegi-asharshylykty-toktatu-turaly-hattar-zhogary-zhakka-zhetpey-koldy-bolyp-otyrgan-tarihshy_a4073100

36. Смағұлова С. Ахметтің қуғындалуы // Жас алаш. - 2023. - №45 (16852).

37. Смағұлова С№ Қуғынға түскен кітаптар (сұхбат)  // Ана тілі. - 2023. - №26. 29 маусым.

 


← Кері оралу