қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.03.2015

Халықаралық интернет-конференция


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Анатомия, физология, гигена және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасы, А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті  Новосибирь мемлекеттік педагогикалық универитетіндегі әріптестерімен бірлесе отырып «Денсаулық және қауіпсіздік қазіргі заманғы білім берудің маңызды бөлігі» тақырыбында Халықаралық интернет-конференция өткізді.
Конференция жұмысына кафедраның профессор-оқытушылары мен магистранттары және Ресей педагогикалық ЖОО-ның өкілдері (Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосибирск, Уфа, Екатеринбург, Киров, Кызыл, Тула, Челябинск, Южно-Сахалинск) қатысты.
Конференцияда НГПУ Анатомия, физология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының меңгерушісі, денсаулық және қауіпсіздік ҒЗИ директоры, б.ғ.д., профессор Р.И.Айзман баяндама жасады. Ол өз баяндамасында экология және денсаулық сақтау шеңберінде ЖОО мен мектептердегі мұғалімдердің біліктілігін көтеру керек,-ол үшін НГПУ-де қысқа мерзімді  арнайы магистрлік бағдарламалар ашу керек деді.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Анатомия, физология, гигена және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Ш.А.Балғымбеков «ҚР мектеп жасындағы балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі және оны шешу жолдары» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада қазіргі кезде елімізде жоғарғы сынып оқушыларының 20%-да созылмалы аурулардан, 1 жастан-17 жасқа дейнгі әрбір бесінші бала семіздіктен зардап шегеді, ал мектеп оқушылары арасында оның ішінде 11-14 жасқа дейнгі жасөспірімдер арасында 7,5% темекіге тәуелділік пайда болғандығына тоқталды. Қорыта келе ол Қазақстандағы мектеп жасындағы балалардың денсаулығын жақсарту жолындағы өз ұсыныстарымен таныстырды.
Дипломнан кейнгі білім беру Санкт-Петербург академиясының педагогика, қоршаған орта, адам денсаулығы және қауіпсіздігі кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор С.В.Алексеев баяндама жасады. Оның айтуынша педагогика жүйесінің көмегімен балалардағы денсаулықты қалыптастыруда денсаулық, қаупсіздік, дене мәдениеті және экологиялық білім беруде симбиоз түсінігі керек екендігіне тоқталды.
Сонымен қатар б.ғд., провессор Н.П.Абаскалова (Новосибирь, Ресей), А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің Тіршілік қауіпсіздігі факультетінің деканы профессор П.В.Станкевич, Челябинск мемлекеттік педагогикалық университетінің кафедра меңгерушісі профессор З.И.Тюмасаева және т.б., көптеген ғалымдар баяндама жасады. Баяндамалардан кейін конференцияға қатысып отырған 100- ден аса қатысушылардың арасында пікір алмасу өтті.
Модератр, профессор Ф.Ф.Харисов конференцияны қорытындылады. Тиісті қарар қабылданды.
Анатомия, физология, гигена және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының ұжымы, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың БАИ директоры С.Ә.Махмутовқа және интернет-конференция өткізуге және ұйымдастыруға ат салысқан жоғары дәрежелі маман М.Оразымбетовке алғыс білдірді.