қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
07.02.2019

ҚазҰПУ-де өткен рухани кеш

 


 

Таяуда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан институтында «Ой-пікірлер түні» халықаралық іс-шарасы өтті. Басқосуда ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев пен Сорбонна-Қазақстан институтының директоры Айнұр Сәбитова және ҚР Франция елшілігінің атташесі Жиль Маметц жиынды жүргізіп, өз ойларын ортаға салды.

 

«Ой-пікірлер түні» - әлемнің түкпір-түкпірін кең тараған маңызды шара. Бұл басқосуда қазіргі заманның көрнекті тұлғалары ой-пікірлерін алмасатын диалог алаңы десек болады. Әсіресе бұл шара Франция мен француз тілінде сөйлейтін мемлекеттерде кеңінен танымал.

 

Іс-шара қазіргі заманғы маңызды мәселелерді талқылау мақсатында зияткерлердің, ғалымдардың, суретшілер және әртістердің, сондай-ақ қоғам қайраткерлерінің басын қосып келеді. Әлемдегі жүзден астам білім беру, ғылыми және мәдени орталықтар ой-пікірлерді бір уақытта талқылауға арналған өз алаңдарын ұсынды.

 

Алматыда өткен «Ой-пікірлер түнін» Университет ректоры Такир Балықбаев ашты. Бірінші талқылау алаңында Алматы қаласындағы Францияның Бас консулы Алексис Шахтахтинский, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, Алматы қалалық сотының Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі басқармасының төрағасы Бахыт Қасейнов, Француз сауда-өнеркәсіптік палатасының вице-президенті Кристоф Пелиссон, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин, Қазақстан-Ресей медициналық университетінің ректоры Нұрлан Жайнақбаев, «Орталық клиникалық аурухана» АҚ клиникасының вице-президенті Шолпан Аюпова жастарға құттықтау жолдады.

 

Шараның құрметті қонақтары қатарында - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры, химия ғылымдарының докторы Мұхамбетқали Бүркітбаев, Қазақстан-Британ техникалық университетінің проректоры, профессор Маратбек Ғабдуллин, Франция-Қазақстан Сауда-өнеркәсіптік палатасының бас директоры Мунира Артықбекова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Самат Жанабай, Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының проректоры Гүлнара Алібаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің деканы Дәулет Байдельдинов, ҚазҰПУ-дың институт және департамент директорлары болды.

 

Француз тілінде өз жобаларын қорғаған студенттер мен магистранттар «Бүгінгі заманға сай серпіліс» тақырыбында талқылауға қатысу үшін таңдалды.

 

Қазақстандағы «Русский Регистр» сертификаттау қауымдастығының директоры Біржан Жантуаров Сорбонна-Қазақстан институтының басшылығына «Сапа расталған» сертификатын табыс етті.

 

Кездесуде Сорбонна-Қазақстан Институтының қазақстандық серіктесі - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры ұсынған «Белгісіз Қазақстан» жас суретшілердің фотокөрмесі өтті, мемлекеттік үрмелі ағаш аспаптар квинтеті өз өнерлерін ортаға салды.

 

ҚазҰПУ-дың Өнер, мәдениет және спорт институтының көркем сурет кафедрасының доценті, «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Нұрлан Қилыбаевтың «Мың бояулы ұлы дала» көрмесі аудиторияда үлкен қызығушылық тудырды.

 

Айта кету керек, бұл институттың оқытушылары мен студенттері «Ой-пікірлер түнін» ұйымдастыру мен өткізуге ерекше үлес қосты. Студенттер қолданбалы өнер бұйымдарының экспозициясын дайындаса, институттың қазақ халық аспаптар оркестрі концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Сонымен қатар шара барысында философия докторы, дизайн кафедрасының доценті Раушан Қанапянова «Шаңырақ» және «Жер Ана» сән көрсетілімдерін жұртшылық назарына ұсынылды. Сонымен қатар француз тілінде фильмдер көрсетілді.

 

«Ой-пікірлер түні» халықаралық іс-шара Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің Өнер, мәдениет және спорт институты және Сорбонна-Қазақстан институты, Қазақстандағы Франция елшілігі және Француз Орталық Азияны зерттеу институтының белсенді қолдауымен өткізілді.

 

 

Авторы: Рима Жанбаева

07.02.2019 ж.

Ақпарат көзі: dalanews.kz