Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізілуде
Қазақстан Республикасының аумағында уақытты ұйымдастырудағы маңызды өзгеріс туралы хабарлаймыз. ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Қаулысына сәйкес 2024 жылдың 1 наурызынан бастап елімізде бірыңғай уақыт белдеуі енгізілетін болады.
Бұл өзгеріс қоғамның неғұрлым ыңғайлы және тиімді жұмыс істеуіне ықпал ететін біртұтас уақыт стандарттарын орнатуға бағытталған. Сабақтарыңыз бен жұмыс іс-шараларыңызды жоспарлау кезінде осы жаңартуды назарға алуды сұраймыз.