қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.02.2019

«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» декадасының ашылуы

 

«Өзін-өзі тану» - бұл студент жастардың бейімделуіне, болашақ педагог тұлғасы ретінде жүректе және санада рухани-адамгершілік өзгеруіне ықпал ететін негізгі қадам болып табылады.

 

Осының негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, 2019 жылдың 5 ақпан күні рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туылған күніне орай «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында декаданың салтанатты ашылуы өтті.


Декаданың ашылуы барысында: Педагогика және психология институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Даулен Идрисов, университеттің Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Ділдәбек Дидарбек, мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қияқбаева, кафедраның оқытушылар құрамы Сауле Еркебаева, Сағыныш Ошакпаева, Назгүл Дайрабаева, «Мейірім» клубының жетекшісі Гүлбахира Ширинбаева, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша еріктілер және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студент жастары қатысты.


Декада аясында рухани-адамгершілік ортада, ізгілікті идеяларды тарату мақсатында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша диалог ресурстары, кейс-стади, дискуссия, тренинг, шығармашылық жұмыс, жағымды ойға келу формалары қолданылған семинар-сабақ «Уақыт мәңгілік құндылық» практикум-сабақ «Мейірім: сүйіспеншілік қуаты», ар-ұждан-сабақ «Ар-ұждан жанның құпиясы» тақырыбында ашық әңгімелеу-сабақтары өткізілді.

 

Сабақ соңында рефлексия ретінде ұйымдастырылған «Жүректен-жүрекке» сүйіспеншілік шеңбері, «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» декадасының тақырыбын жинақтауға бағытталды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 

«Мейірім» еріктілер клубы