Негізгі бет /
Хабарландыру
07.02.2024 «Ым-ишара тілі және сурдоаударма негіздері» курсы 2024 жылдың 12-23 ақпан аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты «Ым-ишара тілі және сурдоаударма негіздері» мәселесіне қызығушылық танытқан сурдопедагогтар мен мамандарға арналған біліктілікті арттыру курсын өткізеді.
Курстың мақсаты - курс бағдарламасына сәйкес тілдің лексикалық-грамматикалық ерекшеліктерін ескере отырып, ым-ишара тілінде сөйлеу және сурдоаударма дағдыларын қалыптастыру бойынша тыңдаушылардың кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру.
Өткізу түрі - онлайн, ZOOM платформасы. Оқыту тілі - қазақ, орыс. Курс қорытындысы бойынша тыңдаушылар белгіленген үлгідегі сертификат алады (80 сағат).
|