2015 жылдың 20 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ, филология институтыматематика,физика және информатика институтының корпусында көктем мерекесі Наурызға арналған мерекелік флэшмоб өтті. Флэшмобты ұйымдастырған - шетел азаматтарына арналған филологиялық пәндер кафедрасы.
Оңтүстік Кореядан, Ираннан және Қытайдан келген студенттер қазақстандық «Үркер» тобының «Наурыз» әніне би биледі.
Флэш-мобтың мақсаты студенттерді қазақстандық патриотизм, толеранттылық, этника аралық келісім рухының аясында ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге, «Мәңгілік Ел» идеясының аясында қоғамдық келісім мәдениетін нығайтуға тәрбиелеу.
Мерекелік көңіл-күй шаттық пен оң эмоцияларға толы болды. Флэшмобты Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ардагері, шетелдіктерге арналған филологиялық пәндер кафедрасының профессоры Брулева Флора Григорьевна «Шашу» мерекелік дәстүрімен аяқтады.
Мереке соңында кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы С.Б.Бегалиева салтанатты түрде білім алушылар мен оқытушыларды Наурыз мерекесімен құттықтады.