қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
09.02.2019

Студенттердің ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатымен кездесуі

 

  

 

7 ақпанда Абай атындағы ҚазҰПУ жастары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиевамен кездесті.


Кездесуді университет ректоры, профессор Такир Балықбаев ашып, «Жастар жылы» аясында университетімізде атқарылатын ауқымды жұмыстарға тоқталып өтті.


Зағипа Балиева жастармен Әділет министрлігін басқарған сәтте жаңа мемлекеттің құрылу барысында пайдалы реформаларды жүзеге асырушы, заң шығарушы ретінде биліктің түрлі тармақтарында жинаған тәжірибесі мен атқарылған ауқымды істері туралы қызықты ойларымен бөлісті. Балалардың құқықтарын қорғау бағытында іске қосылған 111 телефоны арқылы балаларға көрсетілетін жедел көмек желісі туралы нақты ақпараттар келтірді. Сонымен қатар, депутат жиналысқа қатысушыларды қиын өмірлік жағдайға тап болған кезде немесе олардың ойларымен және ұсыныстарымен бөліскісі келсе, осы нөмірге хабарласуларын сұрады.

Шара барысында «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Арман Халбеков, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Айбек Бидаев, Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Дидарбек Ділдәбек, Студенттік ректорат төрайымы Нұрсая Базарбекова өз пікірлерін білдірді. Университетіміздің «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Ермек Бөрібаев әлеуметтік қарым-қатынастарды конституциялық-құқықтық реттеу бағытындағы жүргізген бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен таныстырып, авторлық монографиясын ұсынды.


Сонымен қатар, 2 курс докторанты Руслан Сейтқазиев Зағипа Балиеваның туған өлкесін, халықтың әл-ауқатын арттыру, жалпы мемлекетті дамытуға қосқан үлесі туралы оң пікірін айтып, депутатқа барша қатысушы жастар атынан алғысынды білдірді.


Шара соңында Зағипа Балиева«Жастар жылы» мемлекет тарапынан жастарды қолдау бағытында жүзеге асырылып жатқан жаңа бағдарламалар мен жобалар туралы толық мәліметтер келтіріп, аталмыш бағдарламаға жастарды белсенді қатысуға шақырды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар
және жастар саясаты департаменті