қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Тілеуберді Ербол

Тілеуберді Ербол

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

Тілеуберді Ербол, 1983 жылы ҚХР, Тарбағатай аймағында туылған.

2004-2008 жж. әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің химия факультетіндекүндізгі бөлімінде бакалаврь оқыды.

2008- 2010 жж. әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің химия факультетінің магистратурасында күндізгі бөлімінде оқыды.

2011 - 2014 жж. әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің химия және химиялық технология факультетінде докторантурада оқыды.

2014 жылы «Ауыр мұнайлардан алынатын битумдардың наноқұрылымдары» тақырыбында PhD диссертация қорғады.

2008-2009 жылдары ҚазҰУ химия факультетінің бақылау-өлшеу аспаптары зертханасында лаборант қызметін атқарды.

2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін Жану мәселелері институтында мұнай-химиялық процестер зертханасының жетекші ғылыми қызметкері болып қызмет атқарады.

2012 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың тамызына дейін «Химиялық физика және материалтану» кафедрасының оқытушысы, қауымдастырылған профессоры қызметін атқарды.

2018 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың тамызына дейін ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті деканының ғылыми-инновациялық жұмыстар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылдың 17 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың постдокторантурасына түсті.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап ҚазҰПУ химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры болды.

 

БІЛІМІ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітірген жылы

әль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті

Бакалавр 

2008

әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситеті

Магистратура

2010

әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Докторантура

2014

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ және АТАҒЫ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген мерзімі

Доктор PhD

6D074000 - Наноматериалдар мен нанотехнология

2015

Қауымдастырылған профессор

02.00.00 - химия

2019

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Бакалавриат: «Нанохимия негіздері»

Магистратура: «ғылыми зерттеуді жоспарлаужәне ұйымдастыру».

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Отандық және шетелдік басылымдарда 100-дан астам ғылыми мақалалар жарияланған, соның ішінде 12 ҚР патенті, 50 мақала және 60  конференция материалдары бар.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ

2 Ғылыми монография және 3 оқу құралы

 

МАРАПАТЫ

2023 ж. - Абай атындағы ҚазҰПУ «Ғылым декадасы-2023» стипендианты

2019 ж. - «ЖОО Үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері

2018 ж. - «Үздік ұстаз» төсбелгісі

2018 ж. - DAAD-2018 стипендиаты

2015-2016ж. - Қазақстан Республикасының дарынды жас ғалымдарына арналған мемлекеттік стипендиясының иегері

2015 ж. - «ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» университеттік жастар сыйлығының иегері.

 


← Кері оралу