қазақша · русский · english
   

Жалпы бағыты

Бүгінгі күнде кафедрада болашақ маманның тұлғасын қалыптастыруын қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие жұмысының белгілі бір жүйесі қалыптасқан. Тәрбие жұмысының мақсаты білім алушыларда таңдалған бағытта дайындығы (мамандығы) бойынша кәсіби сапаларын, азаматтық көзқарастарын, еңбекке және қазіргі өркениетті өмір шарттарына қабілеттіліктерін, сондай-ақ дербестілік, инициативтілік және шығармашылық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.

Кафедра студент тұлғасының рухани, мәдени, біліми қалыптасуы мен дамуына әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктерді қамтамасыз етуге, оған қоса оның кәсіби, интеллектуалдық және творчестволық әлеуетінің барлық қоғам мүддесіне ашылуын бағытталған кешенді шараларды әзірлеп қабылдайды.

Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасымен жүргізетін тәрбие жұмысының мақсаты ретінде өзгеріп жататын жағдайларға жылдам бейімделетін, дұрыс қабылдай алатын, басқарушылық шешімдер қабылдайтын, белсенділігі, мақсатқа ұмтылғандығы және іскерлігі бар өміршенді тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Іс-шаралар

1. Жалпы кафедраның тәрбие жұмыстары жан-жақты тәрбиелік іс-шаралардан белсенді, ұжымдағы ұйымдасқан, үйлесімді кәсіби-педагогикалық қарым-қатынасқа өтуге бағытталған. Кафедрадағы тәрбие жұмыстары оқу-ұйымдастыру және тәрбиелеу сферасын дамытуға бағытталған әр түрлі формадағы жұмыстарды орындау арқылы жүргізіледі. Бұл біріншіден, барлық жерде қабылданатын дәстүрлі формалар: мерекелік кештер, әңгімелесулер, кездесулер,сайыстар және т.б. Сондай-ақ жалпы университеттік, факультеттік, факультетаралық, кафедра деңгейіндегі іс-шараларға қатысу және жатақханадағы тәрбиелеу жұмыстары. 2. Іс-шаралар өткізу деңгейі дамыды. Барлық іс-шаралар БАҚ қызықтыратындай өткізіледі, немесе Қазақпараттың, факультет сайтының, газеттердің жаңалықтар бөлімінен өз орнын тауып жатады. Сонымен қатар имиджді саясат жоспарындағы жұмыстар осының қатарына қосылады. Кафедра меңгерушісінің және ПОҚ-ның БАҚ мен газеттер беттерінде көптеп шығуы осыған дәлел. 3. Студенттер және оқытушылар университет қабырғасында, институт көлемінде өткізілетін барлық мәдени-топтық, спорттық іс-шараларға белсене қатысады. Студенттер қоғамдық-саяси және мәдени өмірге құштарлығымен ерекшеленеді. Көптеген студенттер дебат клубтарының, жастар ұйымдарының жұмыстарына ат салысып, саяси ұйымдарда және мемлекеттік құрылымдарда жұмыс жасайды. Студенттік пресс-клуб ұйымдастырылған. Балалар үйіне көмек көрсету мақсатында еріктілер дәстүрі енгізілген. 4. Студенттер және кафедраның ПОҚ  жыл сайын шахматтан, футбол, волейбол, теннис, веложарыстан спартакиадаға үздіксіз қатысады.

Осыған байланысты кафедрада болашақ маманның кәсіби қасиеттерін қалыптастырумен қатар позитивті көзқарасқа, жауапкершілік сезіміне, саналы таңдау істей алатын және Отан мен өзінің игілігіне бағытталған дербес шешімдер қабылдауға қабілетіне ие тұлға - азаматты қалыптастыруды қамтамасыз ететін тиісті іс-шаралар, кураторлық сағаттар, дөңгелек үстелдер, семинар-диспуттар өткізіледі.

Кафедра сапа саласындағы саясат, көзқарас пен құндылықтарды дамытуда тұрақты жұмыс жүргізеді. Кафедра көптеген мемлекеттік және жеке кәсіпорындармен іскерлік байланыс орнатқан. Ол "Заңтану" мамандығының күндізгі және сырттай нысандарының студенттері өндірістік тәжірибені өту бойынша келісім-шарттардың жасалынды.

Эдвайзерлер

Эдвайзерлер жұмыстары студенттерді кәсіби, әлеуметтік-маңызды сапаларға тәрбиелеуде үйлесімді дамытуға, белсенді, шығармашылық тұлға қалыптастыруға бағытталан. Эдвайзерлердің студенттермен мәдени-топтық іс-шаралары және жатақханадағы эдвайзерлік сағаттары мен кезекшіліктері осының дәлелі.

Кафедрада институттың директоры, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары және кафедра меңгерушісімен бекітілген  Бекенова А.Б., Омиртай Р., Ажинурина Д.А.

эдвайзерлер бар. Кафедрадағы эдвайзердің жұмыстарын институт орынбасарлары (оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі) факультеттің аға куратор-эдвайзері және кафедралардың аға куратор-эдвайзерлері арқылы бақылап отырады.

 

Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының тәрбие жетекшілері мен 3 (ОАБ) және 4- курс студенттерінің тізімі

 

2014-2015 оқу жылының «Азаматтық-құқықтық пәндер» кафедрасының тәрбие жұмыстарының жоспары