қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.02.2019

«Сұхбат: жұмыс берушіге идеяңды дәлелде» семинар-трениг жобасы

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ректоры Такир Балықбаевтың қолдауымен «Мансап» орталығы тағы да бір тың жобаны бастады.

 

Бітіруші түлектері жұмысқа орналасу барысында көптеген қиындықтарға кездеседі. Жұмыс берушімен сұхбаттасу барысында ойын анық, нақты жеткізе алмай қиналады. Сонымен қатар «түйіндеме» жасауда да азды-кем қиналыс табады.


«Мансап» орталығы осы мәселені жан-жақты зерттеп, «Сұхбат: жұмыс берушіге идеяңды дәлелде» семинар-трениг жобасын қолға алды. Бітіруші түлектердің жұмыс берушінің алдында ойын анық жеткізіп, мақсатын айқын түсіндіре алуы үшін маркетолог маманы Исмайл Құлан шақырылып, Педагогика және психология институты «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауышты оқыту және әдістемесі» мамандығының 4-курс студенттеріне семинар-тренинг өткізілді. Исмайл Құлан бітіруші түлектерге жұмыс берушімен қалай сөйлесу керектігін, қандай мәселені көтеріп жұмыс берушінің ойын дөп басуға болатындығын және жаңа ой қозғап сол идеяны дәлелдеуді үйретті. Сонымен қатар кретивті түйіндеме жасауды көрсетті. Түйіндеменің де маңызды рөлге ие екенін түсіндірді.

 

   

 

   

 

   

 

«Мансап» орталығы