қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
14.03.2016

ФИЛОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ПРОФЕССОР ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы 16 наурыз күні сағат 14.00 Наурыз мейрамы қарсаңында  институтаралық кешенді «Сән феномені туралы диалогтар» атты фестиваль өткізеді.

Сән - тартымды қоғамдық-психологиялық феномен. Сән - әр нәрсенің бастауы. Сән - тұлғаның даралығын айқындайтын дүние. Сән - ілгері дамудың басты тетігі. Сән - стиль, талғам, заманның көңіл-күйі.
Құрметті әріптестер! Сіздерді сән, сұлулық пен стиль әлемінің бөлшегі болуға шақырамыз!
«Сән феномені туралы диалогтар» фестивалі дегеніміз - таңғажайып зерде мен музыканың, қазіргі таңдағы және болашақ сәнгер-дизайнерлердің мүмкіндіктерінің қосындысы.
«Сән феномені туралы диалогтар» фестивалі дегеніміз - сән, стиль мен тамаша талғам.
«Сән феномені туралы диалогтар» фестивалі - Қазақстан сәнгер-дизайнерлерімен кездесу.
«Сән феномені туралы диалогтар» фестивалі - жас дизайнерлердің талантын бағалау.
Қатысушылар: ҚР әйгілі сәнқой-дизайнерлері, Абай атындағы ҚазҰПУ өнер, мәдениет және спорт институты, жаратылыстану және география институты, математика, физика және информатика институты, филология иституты студенттері.
Болатын орны мен уақыты: 2016 жылдың 16 наурызы, сағат 14.00 Абай атындағы ҚазҰПУ № 5 оқу ғимаратының мәжіліс залы (Төле би, 86).
Ұйымдастырушы: Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы