Оқу -әдістемелік қызмет «Қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасы «5В050900 - Қаржы» және «5В050800 - Есеп және аудит» мамандықтары бойынша бакалаврларды дайындайды.
Сондықтан да кафедрада оқу - әдістемелік жұмыс оның қызметінің басымды бағыттарының бірі болып табылады. Оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету, оқу - әдістемелік кешенді жасау мен жаңарту, білім сапасын бақылау - кафедрадағы оқу - әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттары болып табылады. Кафедрадағы оқу - әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты болып оқу үрдісінің сапасы мен тиімділігін арттыру үшін жағдай жасау табылады. Оқу - әдістемелік қызмет ҚР «Білім туралы» Заңымен, ҚР БҒМ нормативті құжаттарымен, мамандық бойынша МЖББС - на, сондай-ақ, университеттің Оқу кеңесінің шешімдерімен анықталады. Оқу - әдістемелік жұмыс университеттің Саясаты мен Мақсаттары, оқытушылардың жеке жоспарлары, оқу жоспарлары мен пәндер бойынша оқу бағдарламалары, ішкі аудит нәтижелері, алдыңғы жылдардағы ОӘЖ жоспарларының орындалу нәтижелері, ОӘЖ жақсарту бойынша жоғары басқарманың шешімдері, ОӘЖ жақсарту бойынша ПОҚ берген есептерінің ұсыныстары негізінде жоспарланады. ОӘЖ жоспарына келесідей шаралар қарастырылған:
- Оқу әдістемелік материалдарды жасау мен шығару; - Оқу және оқу - әдістемлік құралдарды шығару; - Көрнекі құралдарды дайындау мен жасау; - Әдістемелік семинарды ұйымдастыру.
Оқу жұмысына келесілер кіреді: жоспарлау, оқу үрдісінің мониторингі, сабақты өткізуге дайындық пен оқыту формалары, студенттердің білімін бағалау, курстық жұмыс, оқу семестрін/ жыл. Кафедраның оқу - әдістемелік құжаттары кафедра мәжілісінде және институттың Оқу Кеңесінің мәжілісінде талқыланып, бекітіледі. Кафедраның оқу - әдістемелік жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: оқу үрдісін оқу - әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету, оқу - әдістемелік құралдар шығару, ПОҚ кәсіби біліктілігін арттыру, студенттердің өзіндік жұмысы, оқытушылардың сабаққа өзара қатысуы. Жаңа оқу жылына құрастырылған ОӘЖ жоспары негізінде кафедра ПОҚ оқылатын барлық пәндер бойынша ОӘК құрастырады. Кафедрада дайындайтын барлық мамандықтар үшін ҚР МЖБС - пен және барлық оқылатын пәндер бойынша типтік оқу жоспарлары, сондай - ақ, жылдар бойынша жұмыс оқу жоспарлар бар. ОӘК жоспарына сәйкес келесілер жасалады: - сырттай және күндізгі оқу бөлімдеріне жұмыс оқу жоспары; - кафедрада оқытылатын пәндер тізімі; - оқытылатын пәндер бойынша жұмыс оқу бағдарламалары (типтік бағдарламалардың негізінде); - өндірістік және кәсіби тәжірибеден өту бағдарламалары; - пәндер бойынша емтихан сұрақтары мен тест сұрақтары; - курстық және диплом жобаларының тақырыптары; - студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар; - практикалық сабақтар бойынша әдістемелік нұсқаулар; - курстық және диплом жобаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар; - бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.
Кафедрада ОӘЖ бекітілген жоспарға сәйкес талаптарға сай жүргізіледі. «Қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасының оқу - әдістемелік жұмысы келесідей оқу - әдістемелік құжаттармен қамсыздандырылған: «050509 (5В050900) - Қаржы» және 5В050800 - «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары; оқылатын пәндер бойынша типтік жұмыс бағдарламалары; жыл сайынғы салық, бюджет және банк заңдылықтарында жасалатын өзгерістерді ескере отырып өңделіп отыратын орыс және қазақ тілдерінде жүргізілетін пәндер бойынша жұмыс оқу бағдарламалары, сондай - ақ, мамандықтар бойынша типтік және жұмыс оқу бағдарламалары. Басты мақсат болып оқу үрдісін оқулықтар мен оқу - әдістемелік құралдармен, электрондық оқулықтармен, дәрістермен, жалпы алғанда ОӘК - мен қамтамасыз ету табылады. Пәннің оқу - әдістемелік кешені келесілерден тұрады: - пәндер бойынша жұмыс бағдарламалары; - силлабустар; - семинар сабақтарын өткізу жоспарлары; - курстық жұмыстарды жазуға арналған әдістемелік нұсқаулар және курстық жұмыс тақырыптары: - өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар; - студенттің оқытушымен өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар; - оқу-әдістемелік жабдықталу картасы; - дәрістің қысқаша мазмұны; - тест тапсырмалары мен емтихан сұрақтары.
ПОӘК қалыптастыру барысында жұмыс оқу бағдарламаларына, силлабустарға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, тест тапсырмалары жаңартылып отырады. Одан бөлек, семинар сабақтарының жоспары, студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру мен басқаруға арналған материалдар, пәннің оқу-әдістемелік жабдықталу картасы жасалды. Кафедрада оқытылатын пәндердің тізімі: - Қаржы нарығы және делдалдар; - Валюталық нарық және валюталық операциялар; - Банк ісі; - Салық және салық салу; - Қаржылық менеджмент; - Құнды қағаздар нарығы; - Қаржы; - Ақша, несие, банктер; - Корпоративті қаржы; - Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу; - Банктік менеджмент және маркетинг; - Сақтандыру; - Қаржы - салықтық бақылау; - Мемлекеттік бюджет; - Қаржылық институттардың қызметін басқару. - Аудит; - Экономикалық талдау; - Есеп және мемлекеттік органдағы есептілік; - Қаржылық органдардағы бухгалтерлік есеп; - Салықтық есеп; - Статистика; - Қаржылық есептілікті талдау; - Қаржылық бақылау және аудит; - Банктік аудит; - Банктегі бухгалтерлік есеп және есептілік - Бухалтерлік іс - қағаздарды жүргізу.
Емтихан сессиясын өткізу үшін кафедра оқытушыларымен емтихан тесттері құрастырылып, тестілеу орталығының талаптарына сай өңделді және кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілген емтихан сұрақтары бар білім беру сапасының тиімділігін бағалау ашық сабақтарды өткізу мен сабақтарға өзара қатысу арқылы жүзеге асырылады. Ашық сабақты өткізу нәтижелері бойынша пікірлер белгіленген формада толтырылып, материалды түсіндіру сапасы, техникалық құралдарды пайдалану, материалды студенттердің игеруі, сондай - ақ, сабақты өткізу бойынша ескертулер жасалып, соңында ұсыныстар айтылады. Кафедрада оқытушылардың әдістемелік семинарда талқыланатын тақырыптары көрсетілген әдістемелік семинардың жоспары бар. Жыл бойына барлық оқытушылар әдістемелік семинарға тіркелген тақырыптар бойынша қатысады. Сондай - ақ, ПОҚ біліктілігін арттыру кестесіне сәйкес жыл сайын оқытушылар біліктілігін арттыру курсынан өтеді. Жалпы алғанда кафедрада оқу - әдістемелік жұмыс талаптарға сай жүргізіледі.
|