қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.02.2019

«Сұхбат: жұмыс берушіге идеяңды дәлелде» семинар-тренинг жобасы

 

16 ақпанда «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен кезекті семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингке қонақ ретінде Алматы қаласы білім басқармасына қарасты Жетісу аудандық білім бөлімінің басшысы Салтанат Құсаинова қатысып, студенттерге педагогикалық бағыт-бағдар беріп, мансаптық дағды қалыптастыру жолындағы сатыларды айқындап берді.

 

Семинар спикері Исмайл Құлан Педагогика және психология институты «Дефектология», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Педагогика және психология» мамандықтарының бітіруші түлектерге жұмыс берушімен қалай сөйлесу керектігін, қандай мәселені көтеріп жұмыс берушінің ойын білуге болатындығын және жаңа ой қозғап, сол идеяны дәлелдеуді үйретті. Сонымен қатар креативті түйіндеме жасауды көрсетті. Түйіндеменің де маңызды рөлге ие екенін түсіндірді.

 

   

 

   

 

   

 

«Мансап» орталығы