Біз туралы | Главная /
Койлыбаева Раушан Куанышовна
Койлыбаева Раушан Куанышовна
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ Койлыбаева Раушан Куанышовна, 1989 жылдың 12 наурызында Алматы облысы, Райымбек ауданында дүниеге келді. Ұлты-қазақ, білімі жоғары. 2008-2011 жылдар аралығында Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-де «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын (2011-2012) жылдары ҚазХҚ және ӘТУ -нің педагогикалық колледжінде оқытушы болып бастады. 2011-2013 жылдары ОАУ «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша магистратураны бітірді. 2014 жылы «Болашақ» стипендиясының иегері атанып, Джордж Вашингтон университетінде (АҚШ) ғылыми тағылымдамадан өтті. 2013-2020 жылдары АТУ-нің «Мемлекеттік және шетел тілдері» кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді. 2019-2022 жылдар аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 8D02314 «Лингвистика» білім беру бағдарламасы бойынша докторантурада оқыды. 2023 жылы «8D02314 - Лингвистика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алған. Зерттеу тақырыбы: «Қазақ отбасы дискурсының лингвоаксиологиялық аспектісі». 2023-2024 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Практикалық ағылшын тілі» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды.
БІЛІМІ
Ғылыми дәрежесі
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ Бүгінгі таңда Раушан Қуанышқызының 20-дан астам ғылыми жұмыстары жарық көрді, оның ішінде: 12 мақаласы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті бекіткен басылымдарда; Scopus деректер базасында импакт-факторы бар журналда 1 мақала; алыс шетел журналдарында 3 мақала, халықаралық конференцияларда 6 мақала. 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті деканының оқу ісі - ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады.
← Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|